Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі ауысты
Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда вице-министрі болып Жақсылықов Тимур тағайындалды, бұрынғы вице-министр Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономика комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі (министр) болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 195 қаулысымен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымына Тимур Мекешұлы Жақсылықов тағайындалды. Осы қаулымен Сүлейменов Тимур Мұратұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты вице-министр қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Тимур Жақсылықов әр жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Астана қаласының әкімдігінде жетекші лауазымдарды атқарған.
АСТАНА, 3 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.ru