Жұма, 22 Қараша 2024
2538 0 пікір 24 Қараша, 2020 сағат 11:50

«Астық туралы» заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген «Астық туралы» заң жобасы мақұлданды.

Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:

- Соңғы кезде пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер  шектеу режимдерін енгізді. Сауда-экономикалық байланыстар азайды. Бұл жағдай,  әрине,  азық-түлік  мәселесіне де әсер етеді. Ал,  астық мәселесі – ол  бірінші  кезектегі әлеуметтік   сұрақ. Сондықтан, осы  Заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы нормалар  өте   маңызды, бүгін өте керек нәрсе, - деді.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлік астығымен кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындау мақсатында әзірледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290