Сенбі, 23 Қараша 2024
2119 0 пікір 4 Қараша, 2020 сағат 16:02

Пәтер іздеуге берілетін уақыт мерзімі 6 айға дейін ұзартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «5-10-20» бағдарламасы бүгінгі күнге дейін өз нәтижесін беріп үлгерді. Енді аталған бағдарлама аясында банкте несиесі рәсімделген азаматқа пәтер іздеп табуға берілетін уақыт мерзімі 6 айға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев мәлімдеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде «7-10-20» бағдарламасы негізінде банкте несиесі мақұлданған азаматқа пәтер табу үшін екі ай уақыт берілетіндігі айтылды. БАҚ өкілдері мұның жеткіліксіз екенін алға тартқан болатын. Бұл мәселеге жауап берген орталық филиалының директоры аталған мерзімді ұзарту бойынша жұмыстар сарапталып жатқанын айтты.

«Пәтер табу үшін берілетін 2 ай мерзімді жеткіліксіз дейтіндермен келісеміз. Қазіргі таңда банктің несиелік комитетінде пәтер іздеуге берілетін мерзімді 2 айдан 6 айға дейін ұзарту жөніндегі бастама қаралып жатыр. Біздің орталыққа да осы мәселе бойынша көптеген сауалдар түсті. Жуырда өз шешімімізді мәлімдейміз»,- деді Матаев.

Қазір жергілікті атқарушы органдарда 530 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мәселені шеші үшін Елбасы Н.Назарбаев бастамасымен қолға алынған «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Алайда, аталған бағдарлама

әкімдіктерде баспана кезегіне тіркелген адамдардың мәселесін шешуде жеткіліксіз. Дегенмен ол тұрғын үй құрылысы саласында ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді.

Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысы кезінде жоғарыда атап өткен «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.

«Баспана кезегінде тұрған азаматтарды несиелік тұрғын үймен қамту үшін жаңа «5-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске қосуды тапсырамын»,- деді Президент.

Сонымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, Қазақстанның Ұлттық банкі «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасына 390 миллиард теңге бөлген. Ал, оның 180 миллиард теңгесі кредиттік тұрғын үй салу үшін өңірлерге аударылған. Аталған бағдарлама бойынша барлығы 15,2 мың пәтер салу жоспарланыпты.

«Аталған бағдарламаның шарттары негізінде баспана кезегінде тұрған азаматтарға несие беру үшін Тұрғынүйқұрылысбанкіне 210 миллиард теңге аударылды. Тамыз айында 90 миллиард теңге мөлшеріндегі бірінші транш бөлінді. Және 35 миллиард теңге көлемінде 2,6 мың қарыз берілді»,- деді Жайымбетов.

Сонымен, 2020 жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 150 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдаларын жақсартады. Ол үшін биылғы жылы 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған. Оның ішінде 39 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Жалпы, Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері тұрғын үй саясатында бірнеше сәтті реформаларды жүзеге асырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл саладағы стратегиялық бастамалары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашуда.

Мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі – халықтың өмір сүру жайлылығын арттыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта 2005 жылы жалпы халыққа қолжетімді тұрғын үй салу бойынша маңызды шаралар қабылданған болатын. Осы аталған шаралар тұрғын үй құрылысының қарқынының өсуіне әдеуір ықпал етті. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жылдық көлемі 2005 жылдан 2,6 есеге көбейіп, ар тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 5,6 есеге өскені байқалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364