Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3324 79 пікір 26 Қараша, 2020 сағат 15:18

Н.Нығматулин: Тұңғыш Президент қазақстандық парламентаризмнің негізін қалады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты халықаралық конференциясы өтуде.

Дәстүрлі форумды форумды алғысөзбен ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанымызды және оның парламентаризмін қалыптастыру жолындағы теңдессіз рөліне тоқталды.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Елбасымыз елімізді барлық қиындықтан аман алып шығып, ірі саяси, экономикалық әлеуметтік реформалар жасады. Мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізді. «Қазақстандық даму жолы» қалыптасты. Сондықтан, шын мәнінде, «Тәуелсіздік жолы ол Елбасы жолы». Осы даму жолымыз қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен одан әрі жалғасуда.

Осы үлкен жолда тәуелсіздік тарихымен бірге келе жатқан қос палаталы Парламенттің де үлесі зор екенін баса айтқан Нұрлан Нығматулин:

- Бүгінде біздің кәсіби Парламент қоғамдық пікірлер мен ашық саясаттың биік орны болумен қатар, мүмкіндігі мол, қуаты мықты, жоғары заң шығарушы органға айналды. Өзіне жүктелген, әрбір міндетті абыроймен атқарып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды қадамдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етіп келеді, -деді.

Сонымен қатар палата Спикері Қазақстан Парламентінің өркениетті елдердің заңнамалық органдарымен  тең дәрежеде қызмет етіп, Елбасымыз айтқандай, нағыз демократия мектебіне айналғанын жеткізді.

Онда Нұрлан Нығматулиннің пікірінше осының барлығы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел басқарудағы дана, көреген, сындарлы саясатының жемісі.

Мәжіліс Төрағасы бүгінгі таңда бүкіл әлемді қамтыған күрделі ахуалға назар аударып, осындай қиын жағдайда біздің елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуға және халықтың табыс деңгейін қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин:

- Дағдарысқа қарсы жедел шаралар шеңберінде кірістерін уақытша жоғалтқан 4,5 миллионнан астам қазақстандық ай сайынғы өтеусіз мемлекеттік көмек алды. Бұл мақсатқа 450 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Осы күрделі кезеңде біздің Тұңғыш Президентіміз бұрынғыдай барша қазақстандықтар бірлігінің кепіліне айналғанын ерекше атап өткім келеді, - деді.

Елбасымыздың бастамасымен «Birgemiz» атты ұлттық қайырымдық қор ұйымдастырылып, жалпыхалықтық қозғалыс барлық қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдырды. Сонымен қатар, қордың біржолғы қайырымдылық қаржылай қолдауына 550 мыңнан астам қазақстандық отбасы ие болды. Миллионнан астам адам азық-түлік және тұрмыстық көмекпен қамтылып, мыңдаған еріктілер мұқтаж жандарға жәрдемдесті.

Өз кезегінде коронавирустың таралуына қарсы тұру және төтенше жағдай кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында Елбасының бастамасына Мәжіліс депутаттарының бірауыздан қолдау білгіргенін айтқан Палата Спикері Нұрлан Нығматулин:

- Бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі бастамасы заңнамалық қолдауға ие болып отыр. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың наурыз айынан бері Парламент ерекше жағдайда жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезінде Парламентте басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісі қолданыла бастады. Ол заң жобаларын қашықтықтан талқылау жүйесі. Біз үшін барлық мүдделі тараптардың, депутаттардың, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның үздіксіз қашықтықтан жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бейне байланыс, селекторлық кеңестер және басқа да  заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігін барынша пайдалану маңызды болды. Ерекше айту керек, заң жобаларын мақұлдаудың қарқыны мен сапасы төмендеген жоқ. Өз уақытында жедел әрі тиімді шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, конференцияда Мәжіліс Төрағасы ең алдымен депутаттар ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, халықты әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы жүйелі шаралар, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, білім берудің барлық деңгейлерінің сапасы мәселелерін ерекше бақылауға алғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Палата Спикері Нұрлан Нығматулин бүгінде елімізде экономикалық өсімді қалпына келтіру, шағын және орта бизнесті қолдау, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Abai.kz

79 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282