Сейсенбі, 21 Қаңтар 2025
2382 1 пікір 27 Қараша, 2020 сағат 12:33

781 бала коронавирустан емделіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 816 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 781 бала бар.

Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 208 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.

30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Abai.kz

1 пікір