Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 6523 38 пікір 27 Қараша, 2020 сағат 16:35

«Нұр Отан» КПСС болғысы келе ме?

"Нұротан" сьезіндегі елбасы мен президенттің сөздерін тыңдадым.

Меніңше, ол кісілердің бір концептуальдық, идеялық қателігі мынада: әлі күнге дейін олар "барша жұртты бір партияның төңірегінде топтастырамыз" деген жалған, күні ескірген постулаттан арыла алмай келеді. Бұл ұстанымның артында "біздің төңірегімізде" деген ой қылаң беріп тұр.

"Партия" деген "party", яғни "бір бөлігі" деген сөзден шыққан. Яғни, белгілі бір бағдарламасы бар ұйым қоғамның бір бөлігінің ғана мүддесін білдіріп, қорғайды.

Ол тұғырнама оңшыл, солшыл, центристік, "жасыл", ұлтшыл, интернационалист және тағысын тағы болуы мүмкін.

"Нельзя объять необъятное", - деп Козьма Прутков деген юморист баяғыда-ақ жазып кеткен (көбінесе орысша ойлап, сөйлейтін бұл партияның жетекшілері түсінсін деп әдейі сол тілдегі мақалды келтіріп жатырмын). Әйтпесе, "екі (біздің жағдайда - бірнеше) қайықтың басын ұстаған суға кетеді" дей салуыма болатын еді.

Қазіргі қоғам біркелкі емес. Оның өне бойында жоғарыда аталған барлық идеялық бағыттар бар. Партиялық құрылыс мен тұрмыста жалпақшешейлік жүрмейді. Идеялық таңдаудың бір жағына щығу - шарт.

Ал "барша жұртты біріктіреміз" дегендері сонау Совет дәуірінде үстемдік еткен бірпартиялық идеологияның сарқыншағы.

Әлде "Нұротан" КПСС болғысы келе ме?

Әміржан Қосанның жазбасы

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1532
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5987