Сенбі, 3 Желтоқсан 2022
Жаңалықтар 4792 0 пікір 7 Ақпан, 2012 сағат 04:10

Асылбек Жанат. Капиталды (ақшаны) сақтау және оны көбейту жолдары

Экономикалық дағдарыс кезінде көпшілік бұл сұраққа жауап іздеуде, алайда бұл мәселе денсаулық сияқты күнделікті және де маңызды нәрсе болып табылады. Әрине, денсаулық бірінші орында, бірақ соңғы кезде ол біздің қаржылық жағдайымызға да байланысты болып отыр емес пе. Бұл мақалада мен капиталды қалай сақтауға болатыны жөнінде түсіндіруге тырысамын. Менің 10 жыл банк жүйесіндегі қызметім мен 7 жыл кәсіпкерлік тәжірибем маған бұл мүмкіндікті беретініне сенімдімін.

Сонымен, бүгінгі күні Қазақстан нарығында капиталды сақтау мен көбейтудің қандай құралдары барын қарастырайық:

1.      Ақша (шетелдік валюта)

2.      Алтын

3.      Депозит

4.      Жылжымайтын мүлік

5.      Құнды қағаз

6.      Бизнес (Іскерлік)

7.      Білім алу

Ақша

Ақшаны қай валютада сақтау қажет? Оған барлық мемлекеттердің ұлттық банктері үлгі бола алады, себебі олардың басты міндеті - мелекеттің Капиталын сақтау. Ұлттық банктер капиталдарын негізінде бірнеше негізгі валюталарда және алтын арқылы сақтайды, яғни, ол алтын-валюта сақтық қорлары деп аталады. Негізгі валюталар:

АҚШ доллары

Евро

Ағылшын фунт стрелингі

Швейцариялық франк

Жапондық иена

Экономикалық дағдарыс кезінде көпшілік бұл сұраққа жауап іздеуде, алайда бұл мәселе денсаулық сияқты күнделікті және де маңызды нәрсе болып табылады. Әрине, денсаулық бірінші орында, бірақ соңғы кезде ол біздің қаржылық жағдайымызға да байланысты болып отыр емес пе. Бұл мақалада мен капиталды қалай сақтауға болатыны жөнінде түсіндіруге тырысамын. Менің 10 жыл банк жүйесіндегі қызметім мен 7 жыл кәсіпкерлік тәжірибем маған бұл мүмкіндікті беретініне сенімдімін.

Сонымен, бүгінгі күні Қазақстан нарығында капиталды сақтау мен көбейтудің қандай құралдары барын қарастырайық:

1.      Ақша (шетелдік валюта)

2.      Алтын

3.      Депозит

4.      Жылжымайтын мүлік

5.      Құнды қағаз

6.      Бизнес (Іскерлік)

7.      Білім алу

Ақша

Ақшаны қай валютада сақтау қажет? Оған барлық мемлекеттердің ұлттық банктері үлгі бола алады, себебі олардың басты міндеті - мелекеттің Капиталын сақтау. Ұлттық банктер капиталдарын негізінде бірнеше негізгі валюталарда және алтын арқылы сақтайды, яғни, ол алтын-валюта сақтық қорлары деп аталады. Негізгі валюталар:

АҚШ доллары

Евро

Ағылшын фунт стрелингі

Швейцариялық франк

Жапондық иена

Соңғы уақытта Қытай юані негізгі валюталар қатарына қосылуы мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Ақшаны қай валютада және қандай мөлшерде сақтау керек екенін түсіну үшін соңғы бір және бес жылда валюталардың бағамының қалай өзгергенін қарайық. Мысалы, АҚШ доллары, Евро және Қытай юанін зерттейік. (2,3,4-нші суреттерге қараңыз)

Графиктерден бір жыл ішінде ең көп өсім бергені қытайдың юані (4,2%) екенін көріп отырмыз, одан кейін АҚШ доллары (0,3%), ал Евро 1,2% -ға арзандаған. Яғни, бір жыл бұрын бұл валюталарға айырбасталған ақша айтарлықтай өзгермес еді. Ал енді 5 жыл ішіндегі өзгерісті қарайтын болсақ, мұнда да ең үлкен өсім бергені қытайдың юані (43,6%), одан кейін Евро (22%), ал соңында АҚШ доллары (15,8%). Ұзақ мерзімдегі валюта бағамдарының  болжамдары тек қана 10% сәйкес келетінін айта кеткім келеді, яғни, биржада отырған он сарапшының тек қана біреуінің болжамы іске асады. Олай болса сіздің қолыңызда тек қана өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенуіңіз ғана қалады. Сондықтан сіздерге ұсынарым - ақшаңызды мына пропорцияда сақтаңыз: 30-30-40 (АҚШ доллары -Евро-Қытай юані). Қолма-қол ақшаны банк сейфтерінде сақтаған жөн.

Өкінішке орай капиталды қолма-қол ақша ретінде сақтаған инфляциядан құтқармайды, сондықтан жыл сайын шамамен 5-7%-ға құнсызданып отырады.

Алтын

Ал енді алтын бағасының өзгерісін қарастырып өтейік. (5-нші суретке қараңыз)

Бұл графиктен кезінде (бес жыл бұрын) алтынға сенген адамдардың бүгінгі күні үлкен пайдаға кенелгенін көріп отырмыз. Қазіргі кезде алтын кесектерін ірі банктерден сатып алуға болады, сонымен қатар банктер металл есеп шоттарын ашу қызметтерін көрсетеді. Металл есеп шоттары арқылы алтынды алып-сату операциялары салықтан босатылады.

Сонымен егер де сіз меншік алтын-валюта сақтық қорын құрғыңыз келсе, капиталды мына мөлшерде сақтауыңызға болады: 15-15-20-50 (АҚШ доллары-Евро-Қытай юані-Алтын).

Депозиттер

Бұл құрал сіздің капиталыңызды инфляциядан сақтайды. Депозиттің валютасын жоғарыда айтып кеткендей таңдауыңызға болады. Ең бастысы банкті дұрыс таңдап алу қажет. Бұл мәселені шешуге сіздерге танымалы халықаралық рейтинг агенттіктері (Fitch, Moody's Standard & Poor's) көмектесе алады. Олар үнемі банктердің төлем қабілетін анықтап, олардың  рейтингтерін түзетіп отырады. Неғұрлым банктің рейтингі жоғары болса, соғұрлым оған сенім артуға болады. Егер де банктің рейтингісі болмаса (орта және кішігірім банктер) онда депозитке төленетін сый-ақысына назар аударыңыз. Неғұрлым пайыз жоғары болса, соғұрлым тәуекеліңіз жоғары болады, яғни, ақшаңыздан айырылып қалу қаупіңіз өседі. Бірақта сыйақының төмен болуы банктің сенімді екенін білдіре бермейді. Әдетте сыйақы мөлшері инфляция коэффициентіне  жуық болады. Сонымен қатар, банктер әр тоқсан сайын газеттер арқылы өздерінің қаржылық жағдайы жөнінде есебін беріп отырады.

Қортындылап келгенде, ақшаңызды рейтингісі жоғары банктерде ұстаңыз да үнемі рейтингтерінің өзгеруін бақылап отырыңыз.

Жылжымайтын мүлік

Бүгінгі күні жылжымайтын мулік пайда табудың сенімді көзі екенін әр оқушы білетін сияқты. Көптеген адамдар өз байлығын соның арқасында жасаған, алайда тақырға отырып қалғандар да аз емес. Қалай біріншілер қатарында болсақ?

Басында табыс туралы айтып кетейін. Егер де мүліктен көретін табысыңыз (жалға беру ақысы) банктің төлейтін сыйақысынан кем болса, ол мулік сізге тым қымбат түскенін біле аласыз. Мүлікті сатып алу алдында есептеп көріңіз:

Сол ақшаны банкке салсам ай сайын қандай табыс көремін?

Немесе мулікті сатып алып оны жалға берсем табысым қанша болады?

Мүліктен түсетін табыс банктің сый-ақысынан жоғары болуы керек, себебі мүлікке салған ақшаны жоғалтып алу қаупі (мүліктің бағасы төмендеүі мүмкін, өрт, жер сілкінісі және т.б.) жоғары болып есептеледі. Жылжымайтын мүлікке салынған капитал 10-12 жылда (Қазақстанда) ақталуы тиіс.  Арзан мүлікті сатып алуға асықпаңыз. Кейін ондай мүлікті жалға беру қиын болуы мүмкін. Интернетте жылжымайтын мүлікті қалай таңдау жөнінде көтеген ақпарат кездестіруге болады, сонымен қатар бұл кәсіппен айналысатын агенттіктер де көп.  Солардың кеңесін тыңдағаныңыз дұрыс болар, ал одан да жақсысы кәсіпқой маклерлердің қызметіне жүгінсеңіз көптеген қателіктерден басыңыз аман болады деп есептеймін.

Құнды қағаздар

Құнды қағаздар инвестициялардың ең қауіпті түрлерінің бірі. Олардың түрлері мен айырмашылықтары туралы интернеттен немесе кәсіпқой брокерлерінен біле аласыздар. Мен негізгісі туралы айтқым келеді. Құнды қағазға салынған ақша бір мезетте сізді не бай қылады, не жұрдай қылады. Егер сіздің нерв жуйкеңіз мықты болса және денсаулығыңызды аямасаңыз, онда, алға! Сізге кім не айтса да, сізді бұл инвестицияда мұхиттағы кішкентай қайықпен салыстыруға болады (әрине Джордж Сорос болмасаңыз). Не болсада құнды қағазға капиталыңыздың 10 пайызынан  астамын  жаратпаңыз, одан да қайырымдылыққа жұмсаңыз. Егер де бай болу жолынан тайғыңыз келмесе келесі бөлімге көшіңіз.

Бизнес

Адамзат бұдан да қызығын әлі ойлап таппаған шығар!

Алғашында менің қолданатын ережелеріммен таныс болыңыз:

1.      Таңдаған бизнесіңізді кем дегенде бір жыл зерттеңіз. Егер бұл уақыт өткеннен кейін ықыласыңыз одан бетер күшейсе, онда бастай беруге болады.

2.      Жаңа бизнес ашуға несие алмаңыз. Несие тек қана әрі қарай даму үшін керек.

3.      Серіктесіңіз екеуден астам болмасын. «Қойшы көп болса, қой арам өледі» дегендей.

4.      Алғашқы бизнесіңізге капиталыңыздың 20% жұмсаңыз. Алғашында көптеген қателіктерді бастан кешіресіз, төжірибе жинайсыз. Ашылған бизнестердің бесеуінен біреуі ғана іске асады.

5.      Кәсіпқойлардың көмегінен қашпаңыз. (Юристер, маркетологтар, жарнама агенттіктері және т.б.)

6.      Компанияның негізі ұжым. Ең тамаша бизнесті де қабілетсіз қызметкерлер жоққа шығарады.

7.      Басқа елдерге барып тұрыңыз, төжірибе жинаңыз, жаңа идеялар іздеңіз.

8.      Жетістікке жеткендерден үйреніңіз, өз жетістіктеріңізбен бөлісіңіз!

9.      Таңдаған жолдан тайынбаңыз! Мәселелерді бірден шешіңіз!

10.   Балаларыңызға бұрыннан да көп көңіл бөліңіз!

Егерде осының бәрі сізге сай болса, онда сіз сәттілік жолындасыз. Әдетте бизнесте табыс мөлшері  20-50% құрайды. Егер де табысыңыз одан жоғары болса, онда ол өте шағын (газет сату) немесе тәуекелі өте жоғары (ноу-хау).

Әрине, бизнес туралы әлі көптеген қызықты жайттар айта беруге болады, бірақта бастап көрген дұрыс болар.

Білім алу

Ең басты және маңызды капитал ол сіздің біліміңіз. Бұл капиталды сіз ешқашан жоғалтпайсыз. Білім алуға жұмсалған капитал ешқашан артық болмайды (өте сирек болмаса). Әдетте білім алуға жұмсалған капитал онша үлкен соманы құрамайды және де тез ара уақытта жұмсалған ақша қайта оралып сіздің алғашқы капиталыңыздың негізін құрайды.

Осымен Капиталды қалай сақтауға болады және оны көбейту жолдары туралы қысқа да нұсқа жауап бердім ғой деп үміттенемін. Таңдаған жолдарыңыз сәтті болсын!

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2130
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 928
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1128