Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5441 9 пікір 3 Желтоқсан, 2020 сағат 11:52

Мугабенің қателігі бізге сабақ болуы керек!

(Қытаймен достасқан біздің елдің болашағы не болар екен?,-деп қатты уайымдаймын...)

Бұл оқиға әуелде өте жақсы басталыпты. 1980 жылдардың басында қазіргі Зимбабве елі Африкадағы дамыған елдердің ішінде басынан санағанда екінші орында тұрған, қуатты мемлекет болды. Зимбабве валютасының құны британдық фунтпен бірдей болды.

Бірақ дәл осы кезде билікке Роберт Мугабе келеді. Мугабенің бірінші бастағаны - бұрыңғы ағылшын отаршыларының саясатын түбегейлі өзгерту арқылы елді толыққанды этникалық африкалық мемлекетке айналдыру болса, екіншіден тау-кен саласын дамыту арқылы экономиканы нығайту, үшіншіден сыртқы ынтымақтастықты жақсарту арқылы ресми серіктес елдер табу қатарлы үлкен мақсаттар қойып, жұмыс істей бастады.

Китайские миллиарды текут в Африку, но уже не так быстро - BBC News Русская  служба

Бірақ серіктес ел ретінде бізге жақсы белгілі көршіміз, яғни Қытайды таңдапты. Мугабе мырза Қытай мен Зимбабве өзара алыс кеңістікте орналасқан, тілдік және мәдени жағынан бір-біріне ұқсамайтын елдер болса да түпкі мақсаты бір бауырлас елдер деп сендіреді. Сонымен Мугабе мырза елінің барлық саласын Қытаймен байланыстырып, соның ішінде саяси және экономикалық саясатын толығымен Қытаймен үйлестіре бастайды.

Ол түгілі барлық орта мектептерде қытай тілін арнайы пән ретінде кіргізіп, қытай мәдениетін насихаттайды. Экономикалық ынтымақтастықтағы жарасқан «серіктесі» - Қытай алдымен ол елдің тау-кен саласына инвестиция сала бастаған.

Ал Мугабе өзгертулер мен реформалар жасайды да, реформа нәтижесін күтуі керек болады. Ал прогресс қашан келеді?..

Бірақ өзгеріс ол күткендей болмайды. Ел кедейленіп, қоршаған орта ластанып, тұрмыс күйреуге бет алады. Сыбайлас жемқорлық пен қылмыс өрши түседі. Қытайдың Сауда министрінің айтуынша, 2008 жылы Қытай мен Африка арасындағы сауда көлемі 106 миллиард долларға жетіп қойған. Бірақ Қытай Африкаға жылына 5 миллиард доллар ғана инвестиция салады.

Бұл жерде қарапайым математикамен-ақ, пайда кімге, шығын кімде екенін білу оңай. Былайша айтқанда Зимбабве - Қытайдың ең көп өнім беретін «сүтті сиырына» айналған.

Бүгінде Зимбабведе инфляция жүз миллион есе өскен. Ел халқы жаппай ашаршылық, жұқпалы аурулардың, қарулы қақтығыстардың ордасына айналған. Саяси жүйе бұрмаланып авторитарлық немесе тоталитарлық басқару нысанының қайсысында екенін өздері де ажырата алмай қалыпты ...

Бүгінде Мугабенің 1 триллион ақшасы 1 долларға тең! Халықты осы күйге жеткізген Мугабе 2019 жылы 6 қыркүйекте 95 жасында дүниеден озды. Мугабе кеткеннен кейін, халық ерекше шаттанып, көшелерге шығып, би билеп, ән салған. Қытаймен достасқан біздің елдің болашағы не болар екен, деп уайымдаймын...

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364