Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3852 11 пікір 8 Желтоқсан, 2020 сағат 14:31

ЕАЭО зейнетақысы. Одақ саясиланып барады

Күні кеше Президент Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Тоқаев: Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет

Аталған Заңға сәйкес енді Қазақстандықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден зейнетақы алуына болады. Яғни, аталған келісімның мақсаты:

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында жұмыс істеген азаматқа сол елдің жұмысшы азаматтарымен бірдей зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және жүзеге асыру;

- Жұмысшылардың зейнетақыларын тағайындауға және әкетуге байланысты мәселелерді шешу;

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі ынтымақтастықты дамыту.

«Сонымен қатар, ЕАЭО-ға мүше әр мемлекет өзінің аумағында жұмыс өтілі (зейнетақы жарналарын төлеу) кезеңдеріне сәйкес зейнетақы тағайындайды, сондай-ақ халықаралық шарттардың нормаларын ескере отырып, өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы алу құқығын анықтайды және оның мөлшерін есептейді.

Бұл заң тұрғылықты мемлекеттің аумағында зейнетақы алу құқығын қамтамасыз етеді және тағайындалған зейнетақыны зейнеткерлердің өз еліне аударуды қарастырады. Яғни, заң ЕАЭО елдеріндегі еңбек мигранттарын Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна аударуға және зейнеткерлік жасқа жеткенде төлемдерді алуға мүмкіндік береді», - деп жазылған түсініктемеде.

Иностранцам платили больше, чем гражданам Казахстана – Минтруда об итогах проверки — новости на сайте Ак Жайык

ЕАЭО-ға мүше елдерде әртүрлі зейнетақы жүйелері жұмыс істейді.

«Мысалы, Беларусь Республикасында жинақтау жүйесі жоқ. Қазақстан, Ресей, Арменияда жинақтау жүйесі әр түрлі. Сонымен қатар зейнетақы жүйесін қаржыландыру мен зейнетақы қорларын бөлу тәсілдерінің айырмашылығы бар. Олар құрылымдық жағынан зейнетке шығу жасы, мөлшері, еңбек өтілі, зейнетақы жарналарының дерек көзі және басқа параметрлер. Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы тек еңбек қызметімен айналысатын тірі азаматтарға ғана беріледі», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол аталған келісімді жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттердің құзырлы органдары өзара бірігіп жұмыс істеу тәртібін қарастыратынын айтты.

«Әрбір мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес өзінің зейнетақысын төлейтін болады. Демек, Қазақстанда және Қырғызстанда осы санаттағы азаматтар үшін зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналары төленбейді. Біздің тараптан осы келісімді жүзеге асыратын уәкілетті орган Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Аталған келісімді жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттердің құзырлы органдары бекітіледі және олар өзара бірлесіп жұмыс істеу тәртібін қарастырады», - дейді министр Нұрымбетов.

Қашанға Ресей, Батыстың арналарына телміріп отырамыз Alashainasy.kz

Аталған ақпарат жарияланғаннан кейін желі қолданушылары мен қоғам белсенділері бұл - ЕАЭО-ны саясаиландыру процессі деп бағалады. Соның бірі саясатшы Асхат Қасенғали:

- Өстіп жүріп түбі КСРО-ға айналып кетпесек болды. Ортақ ғылыми жобалар, енді зейнетақы алуға болатын заң, түрлі білім мен медицинаға қатысты ортақ жобалар көбею үстінде. Әрине, екіжақты болса жақсы ғой, бірақ көбінде біржақты. Ресейлік ұстаныммен жасалуда. Мұндай қадамдардың барлығы да «ортақ сауда кеңістігінде адамдарға қолайлы жағдай жасау» деп аталғанымен, саясиланып бара жатқан одақтың түбі неге апарарын әрқайсымыздың ішкі сұмырайымыз сезіп отыр ғой. Саудаңды жаса, болды. Саясиландырма! Ал ең дұрысы, бұл одақтан шығу, - дейді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502