Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
3959 0 пікір 8 Желтоқсан, 2020 сағат 13:40

Садыр Жапаров: Парламенттік жүйе бизнеске айналып кетті

Премьер-министр құзыретін уақытша тоқтатқан Садыр Жапаров «Ата Мекен» жетекшісі Өмірбек Текебаевтың «Конституция жобасы бізді 30 жылға кері лақтырады» деген мәлімдемесіне қатысты пікір айтты.

Жапаровтың пікірінше, «Текебаев Конституциясы» елді 30 жылға кері лақтырған, соның салдарынан «парламенттік басқару жүйесі кәсіпке айналып кетті».

«Жогорку Кенештегі әрбір орын 200 мыңнан басталып, 1 миллион долларға дейін сатылды. Халық та өз дауысын сата бастады. Халықтың дауысын сатып алған депутат халық үшін жұмыс істей ма? Керісінше, ол бес жылда осы қызметке салған ақшасын бірнеше есе өндіріп алуға тырысады. Он жылда біз соны көріп отырмыз», - деп жазды Жапаров.

Бұның алдында «Ата мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев «Азаттыкқа» берген сұхбатында Конституция жобасын сынап, бұл құжат елді 30 жылға кері лақтырады деп мәлімдеген.

Жаңа Конституция жобасы қоғам талқылауына биыл 17 қарашада ұсынылды. Құжатты Жогорку Кенештің 80 депутаты жазған деп хабарланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 993
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1345