Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3015 0 пікір 13 Ақпан, 2012 сағат 04:53

Соғыстан кейінгі Ирак...

2003 жылы басталған АҚШ-тың Ирак экспансиясы аяқталды. Алайда бұл экспансияны «әскери операциялар» тұрғысынан ғана аяқталды деп айтуға болады. Өйткені, бұрыннан да бар және жаңадан ашылған елшіліктері мен консулдықтары, әскер атташелері мен кеңесшілері, үнемі бақылап отыратын ракеталары мен базалары және жеке компанияларының көмегі арқылы АҚШ Иракты уысында ұстауды жалғастыратыны сөзсіз. Осыған дейін әскери адамдары атқарып келген 1200 шамасындағы қызметтерді ендігі жерде «азаматтық» қызметкерлер жүргізетін болады. Сондықтан, «Американың орнын Иран басады» деген жорамалдар шындыққа жанаспайды. Әрине Иранның Иракта үстемдік құруға тырысып отырғанын жоққа шығаруға болмайды, бірақ бұл бөлек тақырыптың тұздығы.
Ал қазір біздің көкейімізді тескен төрт сұрақ бар: Иракта нелер болды? Не себепті болды? Болашақта не болады? Негізі не болу керек еді?. Бүгін алғашқы сұрақтың төңірегінде сөз қозғамақпыз. Жауабына қарағанда қайғылы бір көрініс көз алдымызға елестейді.  
Көз алдымызға Ирактан шығып бара жатқан Америка әскерінің арқасында қалған елдің қара жамылған көрінісі келеді.

Ақпараттар мен цифрлар бір-біріне қарама-қайшы. Тәуелсіз ұйымдардың 2008 жылы келтірген мәліметтеріне жүгінсек жаулап алу барысында 1 миллион Ирак халқы көз жұмған. Тағы да сол жылғы деректерге сүйенсек 2 миллион адам босқынға айналған. Ал 2011 жылы желтоқсанда жарияланған американдық мәліметтер болса, 100 мың адамның опат болғанын айтады. Басқа елдерге немесе өңірлерге қоныс аударған босқындар саны 4 миллион шамасында. Франциялық ғалым Geraldine Chatelard зерттеулеріне көз жүгіртсек, 1990-2002 жылдар аралығында 1,5 миллион Ирак азаматы өз елінен біржолата көшіп кеткен. Ал 2003 жылдан бергі қашқындар мен босқындар санының 4 миллион шамасында екендігі анық.
Зорланған әйелдердің саны 30 мыңға жетіп жығылады, олардың арасында бәлиғатқа толмаған бүлдіршін қыздар да бар. Оңтүстік аймақтарда «сап-сары, көзі көк» нәрестелердің көбейгіні де білінеді. Босниядағы сияқты кейбір аналар өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр болуда.
Әдейі өлтірілген ғалымдар мен зиялылардың саны 550 шамасында. Оған әртүрлі салада жұмыс жасайтын интеллигенттерді де қоссаңыз саны 3000-ға барады. Кейбіріне куәгер болған ирактықтар мұны жасап отырған Моссад пен Пентагонның арнайы адамдары екендігіне шүбә келтірмейді.  Leyla Enver-дің мәліметтеріне сүйенсек, қазір Иракта ғалым қалмаған, ал экспансиядан бұрын олардың саны 45 мың еді.
Көтерілісші деген айыппен қамалып, зорлық-зомбылық көрген адамдардың саны 18 900. 2010 жылы жарияланған Wikileaks мәліметтерінде мыңдаған халықтың тек қана отбасын қорғағаны үшін ұсталып, ақыл-есін адастыратын әдістер қолдану арқылы қиналғандығы айтылған. Ebu Gureyb түрмесі адамзатқа қарсы қылмыстар әдебиеттерінің арасынан орын алды. Бұл мекен ЦРУ қызметкері John Kirikao-ның «оларды қинап, Құдайын көздеріне көрсеттік» деген жер.
Иракта жалпы саны 16 мың адам із-түссіз жоғалып кетті. Бағдат бар, басқасы бар көптеген қалалардағы мұражайлар аяусыз тоналды. Тек қана Бағдат мұражайынан ресми жоғалған құнды заттардың саны 170 мың.
Ирактағы инфраструктураның барлығы қирады. Таза су мүлдем жоқ, халықтың 70 пайызы жұмыссыз; күнделікті табысы 2,2 долларды құрайтын 7 миллионға жуық адам аштық жағдайында өмір сүруде. 1,5 миллион адам үйсіз далада қалған. 1990-2002 жылдар аралығында Америка қойған  қатал эмбаргоның салдарынан 1,5 миллион адам аштықтан өлді және ең аяныштысы оның басым бөлігі балалар еді. Ал қазіргі таңда өлім-жітім оқиғаларына қатысты көрсеткіштер одан әлдеқайда асып түсті. Түрік дәрігерлер қауымдастығының 2005 жылғы есебінде Ирактағы ауруханалардың 12 пайызы зардап шекккен деген мәлімет бар. Сәбилердің өлімі көбейіп кеткен, 5 жастан төмен балалардың 27 пайызы дұрыс тамақтанбайды. Бұрын хат танитын адамдардың саны халықтың 80 пайызын құраса, қазіргі көрсеткіш 50 пайызды көрсетеді. Қысқаша айтқанда қираған, бұзылған, шөккен Иракты көреміз.
Шындығында ешкім де өлген мұсылмандарға жаны ашып отырған жоқ. Dick Cheney «өлген жауымызды санап отырған жоқпыз» деген еді. Статистикалық деректерде тек қана басқыншылардың өлім-жітім көрсеткіштері көрсетіледі. Оған жүгінсек Ирак соғысында 4 747 америкалық, 179 ағылшын және 139 басқа елдерден келген әскер көз жұмған. Жараланғандардың саны 32 мың.
Бұл жерде Ауғанстанның соғыстан шеккен зардабының Ирактан айырмасы жоқ екенін айта кету керек.
Сөз соңында, Иракта жүздеген мың адамды құрбан еткен, қалаларды қиратқан жаулап алушылардың ұшақтарының біресе «парсы шығанағында орналасқан ирактықтардың бауырлары Араб елдерінен» біресе «Түркияның Аданадағы» базаларынан ұшқанын да айта кету керек.

Ali Bulaç - «Заман» газеті.
Аударған Еркебұлан Әлімханұлы
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5600