Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3999 2 пікір 15 Желтоқсан, 2020 сағат 18:21

Президент: Келер жылдың басында реформалардың жаңа топтамасын жариялаймыз

2021 жылдың басында реформалардың жаңа топтамасы жария етілетін болады. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Біз елді саяси жаңғырту процесін табанды түрде жалғастыруға ниеттіміз. Қазіргі уақытта реформалардың жаңа топтамасы әзірленіп жатыр, ол жайында келесі жылдың басында жария етеміз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін беретіндігін баса айтты.

«Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу еліміз үшін келесі жылдың маңызды оқиғасы болмақ. Алдағы сайлау жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенімдімін. Сайлау науқаны қазақ мемлекеттігінің институционалдық тұрақтылығын тағы бір рет нақты дәлелдейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1606
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1119