Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4120 0 пікір 18 Желтоқсан, 2020 сағат 09:56

Ауғанстан билігі: жүздеген содыр тәжік шекарасына қарай өтті

Ауғанстанның Бадахшан провинциясының билігі «жүздеген шетел содыры Тәжікстанмен шекаралас Моймай, Нусай және Регистон аудандарына бекінгенін» растады.

Бадахшан провинциясы губернаторының орынбасары Ахтармұхаммад Хайрзода 16 желтоқсанда Азаттық радиосының ауған қызметіне «әлемнің түрлі елдерінен жиналған шамамен 450 содыр провинцияның таулы өңірлеріне бекінгенін» хабарлады.

Оның айтуынша, содырлардың төрт түрлі ұйыммен - Жамоат Ансоруллох, Түркістан ислам қозғалысы, Өзбекстан ислам қозғалысы және Кавказ слам имаратымен байланысы бар.

«Содырлар Вардудж ауданына бекінген. Провинциядағы тұрақсыздықты пайдаланған олар Моймай және Нусай аудандарына өтіп, қазір сонда орнықты. Бұл жағдай, әрине, Тәжікстанды алаңдатып отыр», - деді Хайрзода.

Тәжік билігінің хабарлауынша, Бахадшан және Тахор провинцияларындағы террористік, экстремистік топтар құрамында 80-100 тәжік азаматы бар.

16 желтоқсанда Тәжікстанның шекара әскеріндегі дереккөз Озоди радиосына шекарадағы ауған аудандарындағы жағдайды бақылап отырғанын айтты.

«Біз ауған билігімен байланыс орнаттық. Содырлардың шекараға жақындағанын солардан білеміз. Шекарада бұл топтарға қарсы тұратын күш бар», - деді дереккөз.

Ауғанстанның Бадахшан провинциясы мен Тәжікстан арасындағы шекара ұзындығы 900 шақырымнан асады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1208
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2731
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 865
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 822