Анаркуловтың айтуынша, «соңғы кездері бірқатар саясаткер Жетим-Тоо кенін қытай компаниясына берді деген мазмұнда жалған ақпарат таратып жүр».
«Жалған мәлімдемелер. Оны таратудағы мақсат – елде сайлау қарсаңында дүрбелең туғызу. Жетим-Тоо кені мемлекеттің меншігінде. Ешқандай шетел компаниясының оны барлауға және өндіруге құқы жоқ», - деді Анаркулов.
Оның айтуынша, Жетим-Тоо кенінде қара және түсті металдың бай қоры бар. Мемлекет бұл кенді өзі өндіруді көздеп отыр, деді Анаркулов.
Abai.kz