Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2566 0 пікір 16 Ақпан, 2012 сағат 10:04

«Тұрсынбай» - сағыныш құрбаны

«Тұрсынбай атты сусиыр Тәжікстанның Душанбе қаласындағы зообақта өліп қалды. Бұл турасында ақпарат агенттіктері жазып жатыр.  Сусиырдың, яғни бегомоттың жүрек талмасынан өлгені анықталыпты.
«Бұл өзі өте қиын сауда болып еді. Бақандай төрт жылды жұмсадық осы айырбас үшін»,- дейді зообақ директорының орынбасары Орзу Саиджамол.
Ол әрең дегенде қол жеткізіп алып барғанда, «Тұрсынбайдың» аяқ астынан көз жұмғанына қапа болып, өкінуде...
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Душанбеге барған соң сусиыр туған жерін қатты сағынып, жүдей бастаған көрінеді. Зообаққа серуендеп келушілер де оның жүйкесіне оңбай тигенге ұқсайды.. «Үлкендер де қызық қой, кейде баланың ісін істейді. «Тұрсынбайға» тас лақтырып ойнайтын, оның жайбасарлығын келеке-мазақ етіп, кейде жекіп ұрсатын. Ал, ол соның барлығын сезуші еді», - деп қынжылады зообақ қызметкері.
Қайран «Тұрсынбай» сөйтіп бөтен елдің зообағында жатып, өскен жерін сағынып құсадан қайтыпты. Әйткенменде, «Тұрсынбайдың» осы тағдырының өзі бізге терең ой салғандай. Біздің ғой Батысты бетке алып безе жөнелетін қашқындарымыз туған жерді, артта қалған елді сағынбақ түгілі, көз жасын бір сығуға да жарамайды. Сонда олардың бегемоттан бетер, сусиырдан  суық болғаны ма? Ал, қиыр жайлап, шет қонған қазақтардың қалың шоғыры болса, елге жете алмай зарығып жүр. Бұған не дейміз? Ендігі сөзді ақынға берейік.

Суретте - жат жерде құсадан қайтқан "Тұрсынбай"

«Абай-ақпарат»

Өткізетін жан-жануар нәзік түн,
Қамаудағы тірлігінен наз ұқтым.
Бір қызық іс болған екен зообақта,
Душанбедей қаласында тәжіктің.

Тәжіктердің күнде түскен назары,
Бір бегемот тірлік кешкен азалы.
Жатқан жерден тұрмай қапты ол байғұс,
Жан тапсырып, келген сәтте ажалы.

Табылмастан өлімнің еш себебі,
Үкілеген үміттер де семеді.
Дәрігердің зообақтағы қартайған,
Қонымдылау болып шықты дерегі.

-«Бұл байғұсқа ажал бізден келген жоқ,
Мұнда жүріп аштықты да көрген жоқ.
Миын ашып зерттедім мұқият,
Нақты айтамын аурудан өлген жоқ.

Қазақ деген сатып алдық мәрт елден,
Осы күні көрінетін әр төрден.
Тұрсынбай деп айдар таққан қазақтар,
Жеті ай бұрын Шымкенттен әкелген.

Жалғыз алып зообақтың мақтаны,
Кілең маман бақты оны баптады.
Туған жердің топырағындай болмады,
Ауасы да тәжіктердің жақпады.

Мазақтады маймылдар да алысқан,
Қолтырауын қыр көрсетті қамыстан.
Адамдар да айналсоқтап күн-түні,
Жарылардай әрең жүрді намыстан.

Талай тәжік әңгіме қып кесімін,
Көзін сұғып көп тигізді кесірін.
"Тұрсынбай" деп атап кеткен қазақтар,
Жеті ай бойы естімеді есімін.

Соңғы кезде сағынды ел қыратын,
Ауасына зар боп жүрді «бір атым».
Жануар-ай, мұңға батып кеш батса,
Жанарынан жас сорғалап тұратын.

Туған жердің түзде туған «батырын»,
Құрбан қылды сауда-саттық бақыры.
Тәжіктердің топырағын жерсінбей,
Сағыныштан ажал құшты ақыры».

Жастанса да суы мөлдір сан-сайды,
Сорлы жүрек туған ел деп шаршайды.
Болмаса да қазақтың төл түлігі,
Бегемот та топырағын аңсайды.

Адалдығын естіп көзге жас келді,
Орнатса да болады екен тас белгі.
Бесігіңде жатқан жерің жұмақ қой,
Кіндігіңді кескен жерің қастерлі.

P.S.

Батыс жаққа бағыт байлап жасын кіл,
Шекараны ши көрместен асып жүр.
Хайуандар сағыныштан мерт болып,
Ал адамдар шетел жаққа қашып жүр.

Бейбіт БӨЖЕН,
Кереку қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588