Сенбі, 23 Қараша 2024
3981 0 пікір 23 Желтоқсан, 2020 сағат 16:43

Зейнетақы қорындағы ақшаны алу туралы заң қабылданды

Ел азаматтарына зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат берілді.

Заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді бүгін Мәжіліс депутаттары мақұлдап, заң қабылданды.Енді құжатқа Президент қол қойған соң 700 мың шақты азаматымыз қордағы ақшасының бір бөлігін ала алады. Оның 500 мыңы жұмыс істейтін тұлға болса, 180 мыңдайы зейнет жасындағы адамдар.

Заң бойынша, 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алу және емдеу үшін ала алады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өз қажеттілігіне мына адамдар пайдалана алады:

- Жасына сай "жеткіліктілік шегінен" асып тұрған зейнетақы жинағы бар жұмыс істейтін азаматтар;

- БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде сақтандыру компанияларымен оларға өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар;

- БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50 пайызынан аспайтын шекте жұмыс істеген зейнеткерлер. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе жұмыс істеген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтылған табысты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40 пайыз) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда.

"Жеткіліктілік шегі" ретінде белгілі бір жастағы салымшы үшін БЖЗҚ-ға болашақ тұрақты 10 пайыздық зейнетақы жарналарын оның табысын (ең төменгі жалақыдан төмен емес) ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажет сомасы қарастырылады.

"Жеткіліктілік шегі" әйелдер мен ерлер үшін бірдей белгіленеді және әрбір жас үшін есептеледі. Бұл ретте ол қалыптасқан ережеге (кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері) сүйене отырып, жаңа алушылар үшін қайта есептелетін болады.

Сондай-ақ, заңда жоғарыда аталған санаттағы азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында немесе өздері, жұбайы немесе жақын туыстары (аталары/әжелері, ата-аналары, балалары, немерелері, аға-інілері/апа-сіңлілері) үшін емделуге пайдалана алады. Мақсатты пайдалану үшін отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

Белгіленген талаптарға сәйкес алып қою саны бойынша шектеулер көзделмеген, яғни азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сол бір не басқа мақсатқа қайтадан пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді.

Азаматтарды емдеуге жіберу ережелерін Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, пайдалану ережелері әзірленді.

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілейді. Заң Президентке қол қоюға жіберілді.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатынын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383