Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 17 Ақпан, 2012 сағат 06:31

Меруерт ТҮСІПБАЕВА: «Албанға қалай алдандым»

Жуықта біз елдегі эстрада мен шоу-бизнестің жағдайы жөнінде әңгімелесейік деп, белгілі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаеваға хабарласқан едік. Бір ойымыз - ел ішіндегі таланттарды өнердің жаңа заман қалыптастырған талабына тарту мәселесі болатын. Сонда Меруерт әнші осы өнердің ішіндегі бір «өрнектен» былайша сыр ақтарды.

Былтырғы «Еуразия жұлдызы» байқауы болардан 10 күн бұрын ұйымдастырушылар тарапынан маған қазылық етуге ұсыныс жасалды. Мен бұл ұсынысқа келістім. Себебі елімізде жас өнерпаздарды қолдайтын меценаттардың жоқтың қасы екені белгілі. Ал сайысқа түріктер қомақты қаржы салыпты. Бұл жоба - түркі тілдес халықтардың «Евровидениесі» көрінеді, ән байқауы 180 мемлекетке тікелей эфирде тарайды екен.
Түрік ағайындардың арқасында мемлекетімізде тағы бір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жаңа жұлдыз пайда болатынына қуандым. Біраз жылдар бойы шығармашылығыммен қатар шәкірт тәрбиелеумен айналысып жүрген өнер адамы ретінде әділ қазы болуға барымды салғым келді. Мойныма зор жауапкершілік түскенін сезіндім.
Байқау өткізуге топ бастап, Алматыға түріктің танымал жұлдызы Бурак бей бастаған біраз азаматтары келіпті. Бурак бей - қазылар төрағасы. Ал біздің елімізден қазылық ететіндердің қатарында еліміздің біртуар кәсіби әншісі, біраз уақыттан бері шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз Рамазан Стамғазиев тағайындалған еді.

Жуықта біз елдегі эстрада мен шоу-бизнестің жағдайы жөнінде әңгімелесейік деп, белгілі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаеваға хабарласқан едік. Бір ойымыз - ел ішіндегі таланттарды өнердің жаңа заман қалыптастырған талабына тарту мәселесі болатын. Сонда Меруерт әнші осы өнердің ішіндегі бір «өрнектен» былайша сыр ақтарды.

Былтырғы «Еуразия жұлдызы» байқауы болардан 10 күн бұрын ұйымдастырушылар тарапынан маған қазылық етуге ұсыныс жасалды. Мен бұл ұсынысқа келістім. Себебі елімізде жас өнерпаздарды қолдайтын меценаттардың жоқтың қасы екені белгілі. Ал сайысқа түріктер қомақты қаржы салыпты. Бұл жоба - түркі тілдес халықтардың «Евровидениесі» көрінеді, ән байқауы 180 мемлекетке тікелей эфирде тарайды екен.
Түрік ағайындардың арқасында мемлекетімізде тағы бір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жаңа жұлдыз пайда болатынына қуандым. Біраз жылдар бойы шығармашылығыммен қатар шәкірт тәрбиелеумен айналысып жүрген өнер адамы ретінде әділ қазы болуға барымды салғым келді. Мойныма зор жауапкершілік түскенін сезіндім.
Байқау өткізуге топ бастап, Алматыға түріктің танымал жұлдызы Бурак бей бастаған біраз азаматтары келіпті. Бурак бей - қазылар төрағасы. Ал біздің елімізден қазылық ететіндердің қатарында еліміздің біртуар кәсіби әншісі, біраз уақыттан бері шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз Рамазан Стамғазиев тағайындалған еді.
Бірақ дәл байқау болатын күні Рамазан Стамғазиевтің әлдебір себептермен келе алмайтыны белгілі болды. Орнына аяқ астынан Нұрлан Албан пайда болды. Әрине, оның кәсіби деңгейін Стамғазиевпен салыстыруға келмейді ғой. Нұрлан өзі Өнер академиясын тәмамдағаннан кейін 5-6 жыл түріктердің компаниясында анау-мынау сатумен айналысқан болатын.
Сондықтан да түрік тілін меңгерген. Келе сала көптен танитын адамдарындай ұйымдастырушы түріктермен біте қайнаса бастады. Келесі күні Нұрлан маған: «Мына нөмірдегі талапкер менің жобам, осыған көз қырыңды саларсың», - деді. Мен қайда оқығанын сұрадым. Ол: «Менің продюсерлік орталығымда жұмыс жасайтын күйші», - деді. Мен оған «көрерміз» дедім. Сол жерде менің отырғанымды көзге де ілмей, Нұрлан Бурак бейге: «Оң қолымды көтерсем - үміткер өтеді, сол қолымды көтерсем - өтпейді», - деп ашық түрде айтты. Мен мұны түрікше айтылса да түсіндім.
Әрине, қазылар құрамы үш адамнан құралғандықтан, екі адам қолдаса, бір адамның пікірі ескерусіз қалады ғой. Сол жерде-ақ өзімді керексіз адамдай сезіндім. Сайыстың екінші күні жәй-жапсарды түсініп, білегін сыбана келген Нұрланның ойын түсіне қалдым. Әрине, қай өркениетті мемлекетте қазылар алқасында продюсері отырып, оның иелігіндегі жоба сайысқа түсуші еді?! Бұл Дима Биланның «Евровидениеге» шығып, ән айтқанында, продюсері Яна Рудковскаяның әділқазы болуымен тең сияқты жағдай емес пе?
Ақыры не керек, 30-дан астам үміткер дараланды. Ұйымдастырушылар оларға бір апта бойы «Қазақстан-1» телеарнасынан олардың ән орындаған үзінділері көрсетілетінін және де финалға кім өтетіні «sms»-пен дауыс беру арқылы анықталатынын хабарлады. Маған төрелік етуге ұсыныс жасаған қыз бір аптадан кейін кездесетінімізді (ұмытпасам, қазанның отызы) және суперфинал өтетін уақытты анықтап айтты. Сонымен бір аптаға қоштастық.
Менің алдын ала Қызылордаға келісіп қойған сапарым болатын. Бастаған істі аяғына дейін жеткізетін әдетіме салып, сапардан бас тарттым. Соншама сыннан сүрінбей өткен дара әншіні анықтауға тамшыдай болса да үлес қосқым келді.
Бірақ қазанның жиырма тоғызы күні кешке қарай маған біреу хабарласып, әй-шәй жоқ: «Еуразия жұлдызы» байқауына келмей-ақ қойыңыз, сізді төрешіліктен алып тастады!» - деді де, тұтқаны тастай салды. Әрине, мен бұл хабардан «шок» болдым. Біріншіден, хабарласқан адамның мәдениетсіздігіне таң қалдым. Екіншіден, дәл суперфиналға келгенде, мені керек қылмай, лақтырып тастағандарына налыдым. Мен ауылдан жаңа келген студент пе едім? Әркімнің өз дәрежесі бар, мен өз бағамды жақсы білемін. Несін жасырайын, қайдағы біреулердің мені керек кезінде пайдаланып, көңіліне жақпай қалсам, сызып тастағанына қатты күйзелдім. «Қазақстан» телеарнасындағылар алып тастады» дегенді естіп, ондағыларға хабарлассам, «Қазақстан» арнасының жобаға еш қатысы жоқ, тек қана телеуақыт бөліп берген екен.
Мен белгісіз себептермен әділ қазылар қатарынан қуылсам да, «Еуразия жұлдызы» кім атанатынын алдын ала білдім. Әрине, ол - Ардақ Балтаев. Продюсері - Нұрлан Албан! Ол эстрада вокалына қатысы жоқ күйші! Ал күйшінің ән сайысында несі бар? Сол жобада жанып тұрған қаншама тас жаратын талантты жастар тұрып, солардың сағын сындырып, күйшінің озғаны қалай? Ол жетістік тек қана Нұрлан Албанның түрік тілін біліп, түріктермен ауыз жаласуының арқасында, әрине! Менің бұл шешімге ешқашан келіспейтінімді сезіп, сыртымнан тон пішіп, мені сызып отырған да сол болып шықты! Сонда продюсер қазылықта отырып, өз жобасына баға бергені әділдік пе?!
Ал менің орныма жайғасқан Ләйлә Сұлтанқызы - белгілі тележүргізуші, танымал тележурналист. Ләйләні құрмет тұтам. Бірақ оның музыкалық сауаты жоқ, кәсіби музыкалық сыншы да емес! Бізді тіпті кәсіби тұрғыдан салыстыру мүмкін емес!
Сайыстың тағы бір қитұрқысы бар. «Айқын» газетінде жазылғандай, маған да талай үміткер осы сұрақты қойды. Отыз екі үміткердің ата-аналары, туған-туыстары, дос-жарандары ұл-қыздарының жартылай финалға өткеніне қуанып, оларға үздіксіз «sms» дауыс берген. Ал сол қаржы кімнің қоржынын толтырды? Ол ақшаның есебін кім алды?
Жуықта Стамбулда өткен ақтық сайысқа мемлекетіміздің атынан барған күйші жігіт Ардақ Балтаевтың өнеріне көңілі толмаған жұртшылық маған: «Меруерт, сен қазылықта отырып едің, сондағы таңдағандарың осы ма? Қазақстанның намысын қорғайтын басқа әнші болмады ма? Бас жүлдеге таласа алатын талантты қазақ табылмады ма?» - деп, намыстанған ел-жұрт сұрақтарын төпелетті.
Меніңше, пысықай продюсері Нұрлан Албан болмаса, Ардақ Балтаев екінші орынға да ие болмайтын еді! Ұстаз ретінде аңғарғаным, қолына аспап ұстап, өнер көрсететін қайбір өнерпаз сахнаға аспапсыз шыққанда, екі қолын қайда қоярын білмей қысылады. Бұл Ардақта да болды. Сондай-ақ оның актерлік шеберлігі де төмен. Әу демейтін қазақ жоқ қой, барылдаған қарапайым ғана дауысы бар. Мен әу бастан барша үміткердің сымбатына, сахнада өз-өзін еркін ұстауына, яғни актерлік шеберлігіне, дауысына, дикциясына, қимыл-қозғалысына да қатаң талап қойдым. Өйткені мемлекетіміздің атынан баратын адам барлық жағынан жарқырап тұруға тиіс-ті. «Міне, қазақтың ұлы, қазақтың қызы!» деген атқа лайық болғаны жөн емес пе? Әрине, маған да жан-жақтан «менің әпкем еді», «менің жиенім еді», «көз қырыңды саларсың» деген адамдар болды. Ал менің олай істеуге ар-ұятым жібермеді. Сайыстың нәтижесіне көңілі толмаған адамдардың хабарласқанына қарағанда, талғамы биік көрерменнің де менімен толық келісетінін аңғардым.
Өнерде жүрген сандаған жылдарымда сыртымнан тон пішіп, жолымды кес-кестеген адамдар болған шығар, бірақ көзімді бақырайтып қойып, осынша әділетсіздік жасаған Нұрланның қылығы жүрегімді қатты жаралады.
Бірақ Нұрланның қылығынан зардап шегуім бірінші рет емес еді. Т.Жүргенов академиясында Нұрлан Албан менен екі-үш курс төмен оқыды. 1998 жыл. Жаңа әндерім шығып, дүркіреп тұрған кезім. Осы кездері бұрын-соңды жақын араласпаған Нұрлан Албан бір күні күйеуім екеуімізге өзі туып-өскен Нарынқол, Кеген аудандарында мектеп оқушыларына концерт қояйық деп ұсыныс жасады. Әрине, ол уақытта материалдық жағдайымыз онша мәз емес еді: үйіміз несиеге алынған, туған-туысқа, шығармашылығымды дамытуға да қаржы керек. Қуана келістік. Сонымен не керек, күйеуімді жүргізуші етіп, «Жигулимен» жолға шықтық. Ұмытпасам, қараша айы. Күн суық. Жол алыс. Нұрлан мектеп директорларымен, аудан басшыларымен келісіп қойыпты. Күніне үш-төрт концерт бердік. Билет бағасы 150-200 теңге болды. Әрине, ауылдың жағдайы белгілі ғой, әбден қиналдық. Әйтеуір сапарымызды аяқтап, бесінші күні шаршап-шалдығып, таң ата Алматыға жеттік. Әлі есімде, Нұрлан Жандосов пен Байзаков көшелерінің қиылысына келгенде: «Ертең хабарласамын» деп, асығыс домбырасын алды да, тіпті багажникте жатқан концерттік костюмін де ұмытып, тайып тұрды. Осыдан кейін Нұрланды да, ақшаны да көрген емеспін. Адал еңбегіміз үшін тиесілі қаржымызды ала алмаған күйеуім екеуміз біраз уақыт Нұрланды іздедік. Қаншама күн көлігімен бізге жүргізуші болған күйеуім: «Жұмысымнан қалдым, әртістер де осындай бола ма екен?» - деп ренжіді. Өзімнің де Нұрланның қылығына күйзеліп, жүйкемнің тозуынан, бір жағынан балаша алданып, жем болғаныма намыстанғанымнан, ауылда өткен гастрольдік сапарымның қиындығынан суық тиіп ауырғанымнан - қысқасы осының бәрі бойыма біткен баламнан айырылуыма себеп болды. Бұл күйеуіме ауыр тиді. Нәтижесінде ол қолын бір сермеді де, Шымкентке кетіп қалды. Арамыздағы кикілжің жарты жылға созылған еді. Сөзсіз әйел ретінде де, ана ретінде де жапа шеккеніме Нұрланның кесірі тиді.
Кейін естідім, Нұрлан Түркияға тайып тұрыпты. Атын атамай-ақ қояйын, кейіннен талай жылдар ЖенПУ-де сабақ берген салиқалы ұстаз қысыла-қинала (өзін кінәлі адамдай сезініп) Нұрлан Албанның «әніңізді жарыққа шығарамын» деп, фонограмма жаздыруға ақша алып, ізін суытқанын айтты. Сонда: «Е-е, мен ғана алданбаған екенмін ғой, осындай пайғамбар жасындағы ұстаз сан соғып қалғанда, менікі не?» деп, өз-өзімді жұбаттым. Әрине, кім туралы айтып отырғанымды Нұрлан біледі. Осы газетті пайдалана отырып айтатыным: «Нұрлан, қазір ол апай ауруханада жатыр, ақшасын қайтарғаның жөн болар және де сол ұмыт болған концерттік костюмің де менде сақтаулы, алып кет!».
Қайран қалатыным - Нұрлан өзін аузынан «иншаллаһты» тастамайтын, намаз оқитын адам етіп көрсетеді. Сонда осы қылықтары имандылыққа сай ма? Соңғы күн өмір сүріп жатқандай жанталасып, басқадан айла асырып, біреудің ақысын жеу мұсылман баласына лайық па?
Осы ащы шындықтың айтылуына түрткі болған «Еуразия жұлдызы» сайысы болсын, басқа да бір өнер додасы болсын, болашақта әлемді өнерімізбен тамсандыратын ел боламыз десек, жеке жанымызды күйттемей, ортақ мәдениетіміздің өркендеуіне адал қызмет етейік!
Жазып алған
Әминә БУРАБАЕВА
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 08 (136) 15 ақпан 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583