Сенбі, 23 Қараша 2024
2624 0 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 11:10

Ұлыбритания мен ЕО сауда келісіміне келді

Ұлыбритания мен Еуроодақ Брекзиттен кейін сауда келісіміне келді.

Бұл келісім Лондон мен Брюссель арасындағы бизнесті жүргізу мен балық аулау кәсібіне қатысты ұзаққа созылған дауға нүкте қойды.

2016 жылы өткен референдум кезінде британ халқына не уәде етілді, бәрі орындалды деп мәлімдеді британ үкіметі.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен, келісім ортақ нарыққа әділ мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы сауда келісімі нөлдік тариф пен нөлдік квотаға негізделген. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.

2019 жылы Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы 668 миллиард фунт стерлинг (шамамен 900 миллиард доллар) болды.

2016 жылдың жазында британдықтар Еуроодақтан шығуды қолдап дауыс берген. Ұлыбритания Еуроодаққа 1973 жылы кірді әрі бірінші болып шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354