Сенбі, 23 Қараша 2024
2670 1 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 11:17

Сайлауды бақылайтын жаңа платформа пайда болды

Италияның Адам құқығы жөніндегі федерациялық қор (FIDU) президенті Антонио Станго мен АҚШ-та тұратын қазақ кәсіпкері Барлық Меңдіғазиев басқаратын Freedom Kazakhstan қоры (FKF) парламент сайлауының нәтижелері туралы мәліметтер жариялайтын Voices of Kazakhstan бірлескен жобасы ашылғанын хабарлады.

Жоба Telegram чат-боттарының көмегімен жүзеге аспақ. Жобаны 23 желтоқсанда Facebook желісінде"Ашық диалог" қорының президенті Людмила Козловска мен "Уральская неделя" басылымының директоры Тамара Еслямова таныстырды.

FKF қорының жетекшісі Барлық Меңдіғазиевтің сөзіне қарағанда, жаңа платформа белорус белсенділерінің президент сайлауы кезіндегі тәжірибелеріне сүйеніп жасалған. "Ол барлық тәуелсіз бақылаушыларды біріктіруге мүмкіндік беруі тиіс".

- Індет кезінде халықаралық қауымдастық тарабынан көптеген бақылаушылар мен журналистер келе алмайтындықтан Антонио Стангодан сайлауды объективті бақылауға көмектесуін сұрағанмын. Ол қолдады. Басты талап - [сайлаушылар] бюллетеньдерді екі жағынан анық етіп түсіріп, жолдауы тиіс, - деді Барлық Меңдіғазиев.

Жобамен айналысып жатқан техникалық топ өкілдерінің айтуынша, сайлау аяқталғаннан кейін хабарламалар сұрыпталып, тез арада нәтижесі жарияланады. Жобаға барлық азаматтар, сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері де қатыса алады.

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оған "Нұр Отан", "Ақжол", "Адал", "Ауыл" және "Қазақстан халық партиясы" қатысады. Сарапшылар 2021 жылы 10 қаңтарға жоспарланған сайлауға билікке жақын партиялар ғана жіберілді деп санайды.

Желтоқсан айының басында орталық сайлау комиссиясы тәуелсіз байқаушылар туралы қаулы қабылдаған. Құжатта сайлауды бақылауға құқығы бар ұйымдар ғана сайлау учаскесіндегі дауыс беруді қадағалай алатыны, ал фото-видеоға түсіру үшін сайлау комиссиясының рұқсаты керек екені айтылған. Тәуелсіз байқаушылар бұл талап заңға қайшы деген. Осыған дейін бірқатар белсенділер жоғарғы соттан "заңсыз қаулының" күшін жоюды талап еткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354