Бейсенбі, 22 Қазан 2026
3853 2 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 14:44

Әлиев қазақстандық компанияларды көмекке шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.

Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1145
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1589