Жұма, 22 Қараша 2024
4076 3 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 14:25

Сапарбаевтың вакцина салғызғаны рас па?

Күні кеше Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын қабылдағанын мәлімдеді.

Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілген.

- Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ы өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, оларда жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүруде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін, - деді Бердібек Сапарбаев.

Алайда әлеуметтік желіде Сапарбаевтың вакцина салдырған суретінде шприцтің қақпағы алынбағанын айтып, мынадай пікірлер тараған:

Ал, бүгін Жамбыл облысының әкімдігі Сапарбаевтың вакцина салдырғаны рас деп мәлімдеді. Қажет болса, фотосуреттердің түпнұсқасын ұсынатындарын айтыпты.

«Кейбір желі қолданушылары Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы салынған екпе шприці жабық, яғни қалпағы болған деп күмән келтірген еді.

Арнайы осы азаматтар үшін басқа да ине анық көрінетін сапалы суреттерді жариялап, фото-коллаж әзірледік. Әрине, мұны фотошоппен жасалған дүние деп айтатындар табылар. Қажет болса, фотосуреттердің түпнұсқасын ұсынуға әзірміз»,- деді аймақ әкімдігі.

Айта кетейік, QazCovid-in вакцинасы Қазақстанда 21 желтоқсаннан бастап үш мың еріктіге салына бастады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276