Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3966 0 пікір 22 Ақпан, 2012 сағат 09:12

Дәстүрлі ән кешіне асығыңыз, ағайын!

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ҚҚ

«Жаяу салдың жауһарлары»

«Алаш айнасы» республикалық газеті мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрында 26 ақпан күні кешкі сағат 18.00-де «Жаяу салдың жауһарлары» атты дәстүрлі ән кеші өтеді. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласында 2010-шы жылдан бері Біржан сал, Ақан сері, Мұхит әндерінен республикалық деңгейдегі концерттер ұйымдастырған болатын. Болашақта «Сал-серілер мұрасы» жобасы негізінде Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай, Әсет, Мәди, Қапез, Кенен әндерінен кеш өткізуді жоспарлауда. Ұлы музыка алыптарының өмірі мен шығармашылығына арналған кештердің жас ұрпақтың тарихи танымын, отансүйгіштік қасиетін, ұлттық рухын оятуда үлкен маңызға ие екені даусыз. Жобаның мақсаты - ұлттық музыка мен халық композиторларының тағылымды өмірін, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау болып табылады. Жаяу Мұсаның әндерінің кешіне Тұрсынғазы Рахимов, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Тілеулес Құрманғали, Еркін Нұрханов, Талғат Мұқышев, Еркін Шүкіманов, Мұрат Әбуғазы, Ерлан Рысқали, Жасұлан Базарбеков, Талғат Әбуғазы, Саят Нұрғазин және тағы басқа ұлттық өнер саңлақтары қатысады. Кештің режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағызбай Қарабалин.

Кешті жүргізетін Жаяу Мұса шығармашылығы мен өмірімен жақсы таныс өнертанушы, дүлдүл әнші Ерлан Төлеутай болады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетінің студенттерінің көмегімен сал-серілер өмірінен шағын қойылым қойылады. Мұнда Шорманның Мұстафасы рөлінде Әуезов театрының белгілі әртісі Бауыржан Қаптағаев ойнаса, Жаяу Мұсаны - Мүсірепов театрының жас талантты әртісі Бейбіт Қамаранов сомдайды.  Шараның тағы бір ерекшелігі - соңғы кездері мүлде айтылмай, тек архивтерде нотасы шаң басып қалған Жаяу Мұса әндерін жастар, талантты әнші Жоламан Құжимановтың үйретуімен орындап шығады.

Кеш билеттерін Мүсірепов театры мен «Алаш айнасы» газетінің редакциясынан сатып алуға болады.

Байланыс: 2714237, 388 8 067, 8771 300 84 71

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555