Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3057 3 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 15:03

ДСМ: 10 миллион адамға вакцина салынады

Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

Цой ресейлік «Спутник V» вакциналарының екі миллион дозасына келісім бар екенін атап өтті. Ол Қазақстанға субстанция түрінде жеткізіледі және кейіннен Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында өндіріледі екен.

«Қазір бізде жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзірге екі миллион доза. Жалпы, біз шамамен 10 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отырмыз - бұл 55 пайыз. Біз науқастармен тікелей байланыста болатын негізгі осал топтарды анықтадық. Әзірге бұл 18 жастан 60 жасқа дейінгі санат», - деді министр ОКҚ брифингінде.

Ал, коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы елге тек жылдың екінші жартысында ғана әкелінуі мүмкін. Қазір министрлік қызметкерлері американдық компания өкілдерімен келіссөздерді бастаған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676