Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
2889 0 пікір 7 Қаңтар, 2021 сағат 15:52

Сайлау-2021: БАҚ өкілдеріне ПТР анықтама керек емес

Алматыда сайлау учаскелерінде БАҚ өкілдеріне ПТР талдауы қажет емес. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

«БАҚ өкілдеріне ПТР тестілеуден өту міндеттелмейді. Себебі олар сайлау учаскелерінде тәулік бойы жүрмейді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар, бақылаушылар комиссиясының мүшелері, жұмыскерлер ПТР талдауын тапсыруға міндетті», - деді Бекшин.

Мұның алдында Жандарбек Бекшин сайлау учаскелерінде 8 адамнан вирус табылғанын мәлімдеген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 914
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2370
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 622
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599