Сенбі, 23 Қараша 2024
3397 5 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 13:08

Жер митингісі үшін сотталған Боқаев бостандыққа шығады

Жер митингісі кезінде сотталған белсенді Макс Боқаев 2021 жылдың 4 ақпанында бостандыққа шығады. Бұл туралы қылмыстық-атқару колониясының әкімшілігі мәлімдеген. 

Бірақ оған дейін диссидентті қадағалау үшін сот процесі өтеді.

- Бүгін олар маған 4 ақпан күні босатылатынымды айтты. Бірақ бұл әлі де сөз жүзінде. Мен мұны жазбаша ресми түрде хабарлауды талап еттім. 19 қаңтарда сот отырысы өтеді, оған сәйкес, мен босатылғаннан кейін қадағалау тәртібінде болуым керек. Екі жыл бұрын Қылмыстық-атқару кодексіне түзетулер енгізілді, соған сәйкес экстремистік баптар бойынша сотталғандардың барлығы бақылауға алынады, - деді Макс Боқаев «Уральской недели»-ге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол желтоқсанның ортасында түзеу колониясының әкімшілігі оған қысым жасағысы келгенін айтты.

- 15 желтоқсанда мен Азамат Майтановпен («Ақ Жайық» тәуелсіз басылымының бас редакторы - ред.) қысқа кездесу өткізуге тиіс едім. Бірақ подполковник Тәженов бұл кездесуге соңғы сәтте тыйым салды. Келесі күні, 16 желтоқсанда, сол Тәженов мені отбасыммен белгіленген 15 минуттық телефон әңгімесінен айырды. Тәженовтің ҰҚК бақылаушылары оған мені телефонмен сөйлесуден айыруға кеңес бергенін түсінемін, өйткені олар сол күні наразылық білдіруі мүмкін деп қауіптенсе керек, - деді Макс Боқаев

Айта кетейік, Макс Боқаев пен оның досы Талғат Аян 2016 жылдың сәуірінде Атыраудың орталық алаңында 4 мың адамды жинап, қазақ жерін шетелдіктерге сатуды тоқтатуды талап етті. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды бейбіт митинг болды.

Митинг кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көпшілік алдында митинг ұйымдастырушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деп уәде берді. Алайда митингтен кейін полиция Мақс Боқаев пен Талғат Аянды ұстады. Кейін олар араздықты қоздырды деген айыппен қамауға алынып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл қылмыстық істі ойдан шығарылған, ал ұйымдастырушыларды қудалаудың саяси астары бар деп бағалады.

Соттан кейін Қазақстан билігі Макс Боқаевты кінәсін мойындаған жағдайда оны шартты түрде босатуға дайын екендіктерін бірнеше рет мәлімдеді. Макс Боқаев бұл ұсыныстардан бас тартты, ол өзі жасамаған қылмыс үшін ешқашан кінәсін мойындамайтынын айтты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377