Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3674 3 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 18:35

Сайлау күні 40 мыңға жуық полицей жұмысқа шықты

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанын өткізуге байланысты Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. Бұл туралы ІІМ орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлімдеді. 

Оның айтуынша, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 40 мыңға жуық полицей тартылған.

«Бүгінде еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті 40 мыңға жуық ішкі істер органдарының қызметкерлері қамтамасыз етуде. Оқиғаларға, оның ішінде дауыс беру орындарында болуы мүмкін құқықбұзушылықтарға жедел ден қою үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды, олардың құрамында прокуратура қызметкерлері де бар», - деп атап өтті ІІМ өкілі.

Сайлау учаскелеріндегі жағдайға келер болсақ: бюллетеньдер апарылмай тұрып, барлық сайлау учаскелері қауіпсіздік тұрғысынан тексеруден өтті. Полицейлердің бақылауымен бюллетеньдердің барлығы учаскелерге еш кедергісіз жеткізілді», - деді Заппаров.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2580
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683