Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3769 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 19:59

Айхан ШӘРІП. Бір депутат қана каникулсыз жұмыс істегісі келеді...

«Төртінші толқындағы» қос шатырлы Парламент кеше кезекті маусымын жауып, шымылдығын түсірді. Бұл рәсімді бүкіл командасын шұбыртып, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің өзі тамашалап қайтты. Бір қызығы, қос палатаның осы күнгі сессияжабар бірлескен отырысында депутаттардың қоңыр күзге дейін жұмысты жайына қалдырып, жазғы каникулға кетуіне жалғыз бір сенатор қарсы дауыс берген. Оны түсінуге болады, әрине, «қатын өліп, қамшы сынып» жатқан жағдай жоқ, әйткенмен, қазіргі қиын кезеңде қабылданбаған күйде қаншама қажетті заңжоба қалып барады, қалаулылар «арқаны кеңге салар шақ емес, жаз бойы қалып, жұмыс істейік» десе, сайлаушылар риза болмас па? Бірақ есепшілер есеп-қисабын ендігі жасап қойған деседі...
Жазғы демалысқа қалаулылар бүйірі томпайған қоржын бөктеріп кететін болды. Басқа астарларын ашуға әлек болмай-ақ, ресми статистиканы сөйлетсек: сонымен, екінші сессияда Мәжіліс пен Сенаттың жалпы отырыстарында депутаттар Үкімет басшысының, Министрлер Кабинеті мүшелерінің атына 700-ден аса депутаттық сауал жолдапты. Оның қаншасы сайлаушылардың көкейтесті мәселесін қаузағаны, ал, қаншасы тапсырыспен әзірленгендігі беймәлім, ондай есеп жүргізілмейді, демек, бәріне қалаулылардың ары төреші. Мұны заңдарға қатысты да айтуға болады.

Өткен сессияда парламентшілердің портфелінде барлығы 207 заң жобасы болған, оның 66-сы өткен сессиядан ауысқан екен, ал 141-і осы сессияда келіп түсіпті. Содан Парламент оның 127-сін қабылдап, қол қоюы үшін Елбасының үстеліне ұзатыпты. Бүгінгі күні Президент олардың 97-іне қол қойып, заңдар санатына енгізген. Олардың арасында «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы», «БАҚ туралы», сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заңдарды, «дағдарыстық» заңдарды атап өтуге болады. Сосын, бұған дейін не «түйе» екендігі, не «құс» екендігі заңнама жүзінде түсініксіз болып келген Қазақстан халқы ассамблеясы да өткен сессияда өзі туралы арнайы заңға қол жеткізді. Парламент екінші сессияда 46 халықаралық конвенцияны, хаттаманы, келісімді және шартты ратификациялапты. Соның ішінде алдыңғы Парламенттен мұраға қалған "БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының" ақыры бекітілуін атап айтуға болады. "Оны іске асырудан күтілетін инвестиция көлемі жыл сайын 400-700 млн АҚШ долларын құрамақ" деді спикер.
Өз сөзінде Орал Байғонысұлы депутаттардың хал-қадірінше үнемшілдік танытқандығын мақтанышпен айтты. Сөйтсек, қаласа, қалаулылар миллиардтап қаржы босата алады екен. "Бюджет қаражатын үнемдеуге Парламент те өз үлесін қосты. Біз өз қызметімізді қамтамасыз етуге арналған шығыстардың бір бөлігінен бас тартқан болатынбыз. Нәтижесінде, Парламенттің 2009 жылға арналған бюджеті 1 млрд 683 млн теңгеге қысқартылды. Сонымен қатар барлық шығыс баптары бойынша да қосымша 847 млн теңге үнемделді" деді О.Мұхамеджанов.
Мәсімов мырзаның қалаулылармен қоштасуға келгенін көрген төраға жыл бойы жинақталған шағымын ашық жайып салуды жөн санаған сыңайлы.
– Парламенттің Үкіметпен өзара іс-қимылында біз бүгін бірқатар кемшіліктердің бар екенін де жасыра алмаймыз, – деді ол. – Осы жұмыстағы олқылықтықтардың бірі – кейбір заң жобалары бойынша келісу рәсімінің тым созылып кететіні. Мысалы, кейбір заңнамалық актілерді микроқаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін мәселелер бойынша түзететін, сондай-ақ "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобалары бойынша осы рәсім бірнеше айға созылды. Ал Қазақстанда бұл корпорациялардың "өмір сүріп жатқанына" үш жылдай болып қалғаны баршаға аян. Тағы бір ем қонбай келе жатқан "дерт" ол – заң жобаларын әзірлеу кезінде ведомстволар арасында тиісті үйлестірудің жоқтығы, сондай-ақ заң жобаларын Мәжіліске берген кезде әртүрлі мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктердің орын алуы.
Осының кесірінен, Орал Байғонысұлының мәлімдеуінше, депутаттар "заң жобасымен жұмыс істеумен қатар әртүрлі мемлекеттік органдарды мәмілеге келтірумен де айналысуға мәжбүр болады" екен! Мәжіліс спикері Үкімет қолтықтап әкелетін кейбір заңдардың "шіп-шикі" болатындығына ренжіді. Содан депутаттарға оларды "50-60 пайызға дейін қайта өңдеуге тура келетін" көрінеді. Спикер "қара тізімнен" мысал үшін "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы", сондай-ақ ұлттық заңнаманы тұрғын үй коммуналдық сала, жеке кәсіпкерлік және басқа да мәселелер бойынша өзгертетін заң жобаларын атады.
– Қанша айтылып жатса да, Үкіметтен түсетін заң жобаларының мемлекеттік тілдегі мәтінінің сапасы әлі де сын көтермей келеді, орыс тіліндегі мәтінмен сәйкессіздіктер де жиі орын алады, – деп ашынды Орал Мұхамеджанов. – Сосын Үкімет кейде депутаттардың принципті сипаты бар ұсыныстарын себепсіз қабылдамай жатады. Мысалы, Үкімет "Жеке қосалқы шаруашылық туралы" заң жобасына депутаттар енгізген түзетулерді қолдамады. Ал бұл заң жобасы депутаттардың ұсыныстарынсыз қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы мен ауыл тұрғындарының тұрмысына кері әсерін тигізген болар еді. Сондықтан Үкімет 3,5 жылға созылған сергелдеңнен кейін заң жобасын кері қайтарып алуға мәжбүр болды. Мұндай мысалдардың тағы да бірнешеуін келтіруге болады. Бұл заңнамалық реттеу мәселесінде кешенді көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Қандай да болсын заң жобасын әзірлегенде, оған байсалды негіздеменің болуы, мақсатқа сай талдау жасаудың қажеттілігі туралы бұрын да талай рет айтқанбыз.
Спикердің мәліметінше, "Ғарыш қызметі туралы" заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырыстары барысында депутаттар оның көптеген нормаларының құқық салмағы жоқ екенін атап көрсеткен. "Отандық космонавтика мен ғарыш ғылымына ешбір жаңалық енгізбейтінін, ғарыш объектілерін ұшыру кезінде қауіпті жағдайлар мен зиянды әсерлерге ұшырап отырған халқымызды әлеуметтік қорғау мәселелерін шешпейтінін дәлелдеп берді. Бұл заң жобасын да Үкіметтең 2 жыл өткен соң кері қайтарып алудан басқа амалы қалмады" деді Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.
Қорытындылай келе, бұл сессияда қос шатырлы Парламенттің бір жұбанышы, бір күйініші болғандығын еске сала кетейік. Жақсысынан бастасақ, депутаттардың, соның ішінде сенаторлардың тақымдауымен К.Мәсімов Үкімет отырысын мемлекеттік тілде өткізуге ден қойды. Әйткенмен, қазір, орысша айтқанда, "обратный процесс" байқалуда. Жағымсызына келсек, Мәжіліс депутаттары бірінен соң бірі тұрақсыздық танытумен болды. Министр болып кеткен депутаттар Жақсылық Досқалиев пен Серік Баймағанбетовті қоспағанда, мәжілісмендер Виктор Цой, Ерқанат Тайжанов және Серікжан Мұқшевтар жанжалға ұрынып, қоғамдық пікірдің қысымымен, депутаттық мандаттарын тастап, қашуға мәжбүр болған. Келесі сессия қандай қызық әкелер екен?!.

Айхан ШӘРІП
«Айқын» газеті 1 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347