«Вакцина әлсіз топтарды аурудан сақтауға көмектессе де, 2021 жылы тұтас ұлтты қорғайтын иммунитет қалыптасады деп айта алмаймыз», - деп мәлімдеді ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан. «Жекелеген мемлекетте ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы бүкіл әлемді қорғай алмайды», - деп есептейді маман.
Карантин шараларына қарамастан, вирустың беті қайтар емес. Вирустың адамнан адамға жұғуын әлсірету үшін халықтың 70-80 пайызы вакцина ектіруі керек.
Еуропа елдері мен АҚШ-та халықты егу науқаны жүріп жатыр, бірақ бұл жұмыс вакцина тапшылығына байланысты баяулап тұр.
Дүйсенбі күні немістің BioNTech компаниясы 2021 жылы 2 млрд дана вакцина өндіретінін хабарлады. Бұл әлемнің миллиардтаған тұрғынын вакцинациялауға жетеді. Жерде шамамен 7,6 млрд адам тұрады.
Abai.kz