Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4080 0 пікір 2 Наурыз, 2012 сағат 11:10

Қайран қалдырған «Қара жорға» Гиннесс рекордтар кітабына енді

Астана жастарының Қазақстан тәуелсіздігінің күні орын­даған «Қара жорға» биі Гиннесс­ рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «ҚазБренд» қо­ғамдық қоры хабар­лады.

- Өткен аптада бізге ең үлкен биді орындағанымыз үшін сертификат келді. Рекордтар кітабы 399 адамды тіркеді, бірақ іс жүзінде одан көп болды, - дейді ҚазТАГ агенттігіне берген деректерінде қоғамдық қордың директоры Евгений Рибалко.

Бидің рекордтар кітабына енуі үлкен қоғамдық резонанс тудырыпты. Атап айтқанда, интернет желісінде бұл биді көп адамның орындау фактісі қызу талқыланып жатыр. «Бірақ шынын айтсақ, біз мұны рекордтар кітабына кіретін әлемдегі ең үлкен шатыр -«Хан Шатыр» сауда-көңіл көтеру орталығында жасағанымыз және биді белгілі бір атрибуттармен орындағанымыз мәнді. Біз тәуелсіздік логотиптері, ұлттық атрибуттары бар сегменттері бейнеленген жейде киіп биледік. Би 5 минутқа жалғасты. Яғни біз Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін кәдімгідей тырыстық» деді қор директоры.

Биді жастар қысқа мерзімде да­йындаған. 16-21 жас аралығындағы қыз-жігіттердің барлығы әуесқойлар. Олар биді түнде жатақханаларында, басқа жерлерде үйренген. Соған қа­рамастан бәрі үйлесімді билеп шық­ты. Олардың арасында студенттер де, осы акцияға қатысуға интернет арқылы ниет танытқан қарапайым балалар болған.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 921