Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3883 0 пікір 15 Қаңтар, 2021 сағат 12:16

Ердоған тікелей эфирде екпе салдырды

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған баспасөздің алдында коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасының біріншісі салынды. Анкарада ауруханада өткен процедура тікелей эфирде көрсетілді.

Вакцина салдырғаннан кейін Ердоған Twitter және Telegram желісінде жазды.

Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды. Daily Sabah мәліметінше, елге бұл препараттың үш миллион дозасы әкелінген.

Түркия президенті ел тұрғындарының тезірек вакцина алатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, Қытайдан тағы 25-30 миллионға жуық доза жеткізілген.

"Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де оларға қосылып, вакцина салдырттым", - деді түрік басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522