Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3063 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 10:54

«Қыз Жібек» түрікше сөйледі

«Қыз Жібек» дастаны - махаббат жайындағы әлемдік жауһар туындылармен терезесі тең тұратын ұлы шығарма. Адамзат мәдени мұрасының аса құнды дүниесі ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі де сондықтан.

Қазақ фольклорының көбісі түркі халқына ортақ болып келсе, «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының жеке мемлекет болып, дербес өмір сүрген уағында пайда болған. Яғни Қазақ хандығы тұсында қа-лыптасқан. Басқа ешбір елде жоқ, тек қазаққа ғана тән жыр. Жырдың шыққан уақыты шартты түрде «1508 жыл» деп ЮНЕСКО тарапынан шешілген.

«Қыз Жібек» эпосының ең бастапқысы деуге болатын 16 нұсқасы сақталынған. Оның ішінде елге белгілілері - Мұрын жырау мен Марабай, Омиар Шипин, Нұрпейіс Байғанин жеткізген нұсқалар. Әсіресе, Марабайдың аузынан жазып алған Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы жеткізген нұсқаның орны алабөтен. Жүсіпбек эпосты жазып алып қана қоймай, мәтінді салыстыра отырып зерттеп, ХХ ғасырдың басында Қазан мен Ташкент баспаханаларынан бірнеше рет кітап етіп бастырған. Қазақ фольклорын зерттеушілер «Қыз Жібек» нұсқаларының ішіндегі ең көркемі, сұлуы да сырлысы ретінде осы кітапты алға шығарады. «Қыз Жібекті» түрік тіліне аударушылар да осы Марабайдан жеткен мазмұнды мәтінді таңдапты.

Қалың да жылтыр мұқабамен сапалы қағазға басылған «Қыз Жібек» 276 беттен тұратын қалың кітап болып шыққан. Таралымы - төрт мың дана. Түрікше және қазақша (латын әрпімен) мәтіні қатар берілген. Кітаптың жауапты редакторы - фольклортанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент Асқар Тұрғанбай. Кіріспе сөзін жазған - ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов. Алғысөзін жазған - академик Сейіт Қасқабасов. Аудармасын жасағандар - Метин Арыкан мен Динара Дүйсебаева. Кітаптың соңында «Қазақтың ғашықтық жыры» деген атпен академиктер Зәки Ахметов пен Сейіт Қасқабасовтың көлемді мақаласы берілген. Сондай-ақ М.Ғұмарова мен

Н.Смирновтың «Қыз Жібек» нұсқалары жөнінде түсініктері де орын алған.

Ұлы эпостың 500 жылдығы құрметіне 2009 жылы Түркияның Ыстамбұл мен Мерсин қалаларында және Солтүстік Кипрде Дәстүрлі опера өнері күндері өткен. Сол кезде Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының труппасы «Қыз Жібек» операсын ұсынып, ұлтымыздың ұлы мұрасын түрік әлеміне кеңінен танытқан болатын. Енді міне, «Қыз Жібек» жырының түрік тілінде сөйлеуі - махаббат гимніне айналған қазақтың асыл мұрасының бүкіл түркі әлемінің мақтанышына айналуына нақты жол салары хақ. Енді Жібек есімі сұлулық пен әсемдіктің, іңкәрліктің символы ретінде түріктің жаңа туған қыздарына қойылып жатса, таңғалуға болмайды.

«Айқын» газеті, 03.03.12

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338