Сенбі, 23 Қараша 2024
3386 0 пікір 22 Қаңтар, 2021 сағат 12:10

«Мәжіліс бірқатар маңызды халықаралық келісімдерді қарайды»

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қарайтын болады.

Сондай-ақ, Бюрода VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті   Мәжілісінің  өкілеттіктерін іске асырудың I сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы мәселе ұсынылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373