Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4444 9 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 13:24

«Мен барлығының қажетін орындай алмаймын»

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева соңғы уақта әлеуметтік желілерде белсенді болып жүргенін осыған дейін жазғанбыз. Ал өткенде Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің көмек сұрап жиі жазатынын айтыпты. 

Үш күн бұрын ол оқырмандарының бірі пәтер алу үшін 15 млн.теңге қарыз сұрағанын жазды. Ал, қарызды Әлия Нұрсұлтанқызына 60-70 мың теңге жалақысынан қайтармақ болған.

Алайда, Әлия ханым барлық адамдардың қажеті мен мұқтаждығын орындай  алмайтынын, сондай-ақ, тұрғын үй мәселелеріне, мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтынын айтыпты. Өз сөзі, қаз-қалпында:

«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады!

Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын.

Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!

Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз.

Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу!

Ал менің ниеттерім күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева қызметтік жолын Президент Әкімшілігінде кеңесші болып бастаған. «Caspian Industries Ltd» ЖШС бас директоры, «Элитстрой» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Қазақстандағы алғашқы көпфункционалды «Wellness Club LUXOR» спорттық-сауықтыру кешенінің негізін қалаушы.

2011 жылы итальяндық «Damiani» зергерлік үйімен бірлесіп «Alsara» атты зергерлік бұйымдар желісін шығарды.

ҚР қоғам қайраткері, өнер және мәдениет саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты деген атақтары тағы бар.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3579