Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2859 0 пікір 9 Наурыз, 2012 сағат 07:58

Сайын Бөлек. Forbes журналының қазақстандық кейіпкерлері азайып қалыпты

Forbes журналы әдеттегідей әлем алпауыттарының тізімін жариялап жатыр. Миллионерлер көп елене бермейтін, тек миллиардтарды бауырына басқан «қаржы империясының» қаһармандары  көзге ілінетін қатардан біз әдеттегідей кәріс Владимир Кимді, Қазақстанға келіп кәсіпкер атанған өзбек Әлиджан Ибрагимовты, содан соң бұрынғы Президент әкімшілігінің жетекшісі  Болат Өтемұратовты көреміз.

Владимир Ким дегеніміз - қазақтың мысына малынып, «Казахмыс» компаниясын басқарып отырған  басы бағылан адам. Қазақстандағы кәріс диаспорасының кәрі көсемі Ни марқұм дүниеден озғанда осы кісі бір шындықты қатты мойындап кемсеңдеген еді.

2010 жылы қыркүйек айында, 79 жасқа қараған шағында Елбасымыздың сенімді серігі әрі «Еуразиягрупп» атанған алпауыттардың кіндік әкесі - Владимир Ни ақсақал бақиға аттанғанда жас пері Владимир Ким қаралы отбасына көңіл айтқан Назарбаевтың сөзін келтіріп: «Егер Владимир Васильевич болмағанда Қазақстан кәрістері Қазақстанда бұлайша өмір сүрмес еді» , - деп аһ ұрған-ды. Анықтай кетейік, «Егер Владимир Васильевич болмағанда Қазақстан кәрістері Қазақстанда бұлайша өмір сүрмес еді» дегенді Елбасымыз айтты. Ұлық жиын тұрмақ, ұлардай шулаған қаралы жиында ұлт көшбашысының сөзінен цитата алмаса, ас батпайтын біздің адамдардың дағдысымен Кимнің де солай тартқаны есімізде.

Қазақстанда 100 мыңнан астам корей халқының өкілі тұрады. Олардың бірыңғай шоғырланған ортасы - Алматы облысы мен Сыр өңірі. Күріш өсіруді, бақша өнімдерін баптауды кәсіп етеді. Совет өкіметінің кезінде қалалық кәрістер жолкөлік ісімен шұғылданған еді. Содан совет құлап, нарық басталысымен олар заманға тез икемделе қойды. Сөйтіп кешегі «таксисттер» жұртты таңқалдырып фирма ашып, компания басқарып кетті. Кәріс дисапроасы туралы Нұрсұлтан Әбішұлы өте жоғары пікірде.

- Қазақстандық кәрістер, - деген болатын Елбасымыз бір сөзінде, - тарихтың тозаңына жұтылып, ассимиляцияға ұшырап кеткен жоқ, өздерінің елдік дәстүрін жалғастырып, байыта түсуде.

Расында, Қазақстандағы кәріс дисапорасы орыс мәдениетімен біте қайнасып, орыстілінде өмір сүретін өзгеше дәстүрлі диаспора болып дамып барады. Түп мекендерінің Азияда екенінін ескеріп және жаңа тұрпаттағы еуропалық халық дәрежесіне жеткендерін де бек түсініп, «Еуразиягрупты» құрған іскер кәрістердің белді өкілі Владимир Кимнің қалтасында Forbes журналының есебіне сүйенсек, 3,5 млрд.доллар бар екен.

Білетіндер  өзбектенген Бұхар еврейі дейтін Әлиджан Ибрагимовтың байлығы 2,8 миллиард доллар көлемінде тұрақтапты. Әлем байларының бәйгесінде 418-ші орынды иеленген Әлиджан әканың қасында маңызды мәселелер жөніндегі әріптесі - ENRC компаниясы қожайындарының бірі, ол да өзбек, Патох Шодиев тұр.

Біздің Болат 854-ші орында. Ақшасы да аталған алпауыттардан аз көрінеді. 1,5 миллиард доллар. Сыр өңірінің тумасы Болат Өтемұратовтың қазір нақты қандай кәсіппен айналысатыны белгісіз. Біреулер: «8 наурыздың қарсаңында ренжісіп қалған жұбайының көңілін жібіту үшін миллион түп алқызыл раушан гүліне тапсырыс берген қызылордалық бай-мырза осы Бөкең екен», - деседі (әзіл).

Forbes журналының «кейіпкерлерінің» арасынан ортаншы күйеу - Тимур Құлыбаев көрінбейді. «Саясатпен аразбын» деп ел газеті «Егемен Қазақстанға» сұхбат берген Тимур Асқарұлы шамасы ақшамен де араздасып тынған-ау дейміз...

«Форбстан» фотосы түспейтін біздің Александр Машкевич те «бұрынғы бестіктің» қатарында жоқ (бұрынғы бестік: В. Ким, Ә. Ибаргимов,П. Шодиев, Т. Құлыбаев және Д. Назарбаева жұбы, содан соң А Машкевич болатын).  Азматтығын алып, біржола көшіп барған Израиль жұртына тапқан-таянғанын таратып берді ме, әлде тастап кетті ме... белгісіз. Әйтеуір «бестіктің» қатарында жоқ.

Әлемнің кенеусіз байлығын кешіп жүрген бірінші адам -  мексикалық магнат Карлос Слим 69 миллиард долларымен алдыда. «Майкрософттың» негізін салушы Билл Гейтс 61 милииард долларымен екінші орында. Үшінші орында 44 миллиард долларды «дорбасына» салған қаржыгер -  Уоррен Баффетт.

Бұл адамдар - Forbes журналына өз байлықтарын жасырмай, жария түрде айтатын адамдар. Қаржысы қай қалтасында жатқаны белгісіз адамдар да бар. Мысалы, Египет Ислам Республикасын ұзақ жылдар басқарып тақтан тайған Хосни Мубарактың жеке есеп шотындағы қаржысы 90 миллиард долларға жеткені кейін анықталды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328