«Қазақтың ұлы аналары» атты тарихи-әдеби сазды кеші
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 6 наурыз күні «Қазақтың ұлы аналары» тақырыбында тарихи-әдеби сазды кеш өткізілді. Шараға қатысушы қонақтарды «Халқымның асыл аналары» тақырыбындағы кітап көрмесі қарсы алды. Кітапхана қызметкерлері шараға қатысушы қонақтарды халқымыздың тарихындағы танымал аналар есімімен таныстырып, аналарымыздың өмір сүрген дәуірлеріне байланысты кітапхана қорында сақталған әдебиеттерді бірнеше бөлімдерге бөліп, дәрістік шолу жасады. Шараның «Ұлы даланың ұлы қыздары» бөлімінде әйгілі сақ-массагет патшайымы Томирис-Тұмар ханым, қайратты әрі үстем Теркеш-хатун, батыл әрі арманшыл Айша - бибі, некеде тең құқықты Чата, бірнеше рет қажылық жасаған парасатты Хажыжаджи, 15 жыл даналықтың үлгісін көрсетіп билік жасаған Бұхар хатун т.б. тарихта болған ұлы аналар туралы материалдардан ақпарат берілді. Қазақ халқының тарихында хандық дәуірде өмір сүрген, тарихи кезеңдерде көшбасшы болған қазақтың әрбір ханының, даңқты жауынгердің, батыл да батыр жігіттің ақылшысы мен көмекшісі, сенімді серігі, жан досы, жары болған дана да тамаша ана-әйелдер Айбике, Айғаным, Күнімжан, Бопай ханымдар жайлы шараның «Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар» бөлімінде дәрістік шолу жасалды.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 6 наурыз күні «Қазақтың ұлы аналары» тақырыбында тарихи-әдеби сазды кеш өткізілді. Шараға қатысушы қонақтарды «Халқымның асыл аналары» тақырыбындағы кітап көрмесі қарсы алды. Кітапхана қызметкерлері шараға қатысушы қонақтарды халқымыздың тарихындағы танымал аналар есімімен таныстырып, аналарымыздың өмір сүрген дәуірлеріне байланысты кітапхана қорында сақталған әдебиеттерді бірнеше бөлімдерге бөліп, дәрістік шолу жасады. Шараның «Ұлы даланың ұлы қыздары» бөлімінде әйгілі сақ-массагет патшайымы Томирис-Тұмар ханым, қайратты әрі үстем Теркеш-хатун, батыл әрі арманшыл Айша - бибі, некеде тең құқықты Чата, бірнеше рет қажылық жасаған парасатты Хажыжаджи, 15 жыл даналықтың үлгісін көрсетіп билік жасаған Бұхар хатун т.б. тарихта болған ұлы аналар туралы материалдардан ақпарат берілді. Қазақ халқының тарихында хандық дәуірде өмір сүрген, тарихи кезеңдерде көшбасшы болған қазақтың әрбір ханының, даңқты жауынгердің, батыл да батыр жігіттің ақылшысы мен көмекшісі, сенімді серігі, жан досы, жары болған дана да тамаша ана-әйелдер Айбике, Айғаным, Күнімжан, Бопай ханымдар жайлы шараның «Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар» бөлімінде дәрістік шолу жасалды. Шараның «Ел қорғаған ержүрек арулар» бөлімінде Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, атақты батыр ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерліктері мен еңбектері жайлы және желтоқсан көтерілісінің құрбандары болған аруларымыз Сабира Мұхамеджанова, Ләззәт Асанова сияқты қайсар қазақ қыздары жайлы әңгімеленді. Қатысушылар «Сен тарихыңды танып білесің бе?» атты викториналық ойын жүргізіліп, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институты музыка бөлімінің студенттері Ісбек Наурызхан мен Садықов Қаныш, Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның әншісі Бақытжан Түктібаев шараға қатысушы аруларды мерекемен құттықтап, қазақ арулары туралы әсем әндерді жолдады.