Жұма, 22 Қараша 2024
3950 3 пікір 26 Қаңтар, 2021 сағат 11:40

Ақша жымқырды деп айыпталған вице-министр ақталып шықты

Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты бюджет қаражатынан бірнеше миллион доллар жымқырды деп айыпталған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтады.

Қазыбек би ауданының судьясы Жанат Егембердиева оны ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәсіз деп таныды.

Айта кетейік, Анатолий Шкарупа 2018 жылдың 19 қарашасында қамауға алынған. 2019 жылдың қараша айында Шкарупа ісі бойынша тергеліп жатқан кәсіпкер Набиев арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеси Кексельдің заңсыз әрекеттері туралы өтініш бергені белгілі болды.

Ал Шкарупа Президентке үндеу жолдады. Экс-вице-министр тергеу кезінде өзінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны туралы айтып, Токаевтан шара қолдануды сұраған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279