Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Билік 4234 9 пікір 26 Қаңтар, 2021 сағат 16:16

Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды.

Президенттің айтуынша, былтыр көлеңкелі экономика аясында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қозғалған істер рекордтық деңгейге жеткен.

«73 қылмыстық топтың жолы кесілді, қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейі төмендетілді. Бұл істің басы ғана», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеру керек. Және ең қысқа мерзім ішінде Президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құру қажет» деді Мемлекет басшысы.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1722
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4487
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3486