Меркель биліктен кетті
Германия канцлері Ангел Меркель елдің басқарушы партиясы - Христиан-демократиялық одақ (CDU) басшылығынан кетті. Ал, Меркельдің орнына Солтүстік Рейн - Вестфалия федералды аймағының басшысы Армин Лашет келді.
Оның кандидатурасын ХДО партиясының мәжілісіндегі делегаттардың басым көпшілігі қолдаған. Сонымен қатар Лашет канцлер лауазымына үміткер бола алады.
Жалпы, Христиан-демократиялық одақ төрағалығына үш үміткер болды. Олар: бұрынғы саясаткер, 65 жастағы Фридрих Мерц, Солтүстік Рейн-Вестфалия үкіметінің басшысы, 59 жастағы Армин Лашет және Бундестагтың сыртқы комитетінің басшысы, 55 жастағы Норберт Ротген.
2018 жылға дейін партияны Ангела Меркель басқарды, одан кейін - Аннегрет Крамп-Карренбауэр болды. Бірақ ол 2020 жылдың ақпанында отставкаға кету туралы шешімін жариялады және Германия канцлері қызметіне таласудан бас тартты.
Айта кетейік, канцлерлікке сайлау биылғы жылдың 26 қыркүйегіне жоспарланған. Дәстүр бойынша жеңіске жеткен партияның немесе коалицияның лидері канцлер болады.
Ал, Меркель осыдан үш жыл бұрын 2021 жылы үкімет басшысы ретіндегі өкілеттіктері аяқталғаннан кейін ешқандай саяси қызметпен айналыспайтынын мәлімдеген. Сондай-ақ өзінің мұрагерін таңдауға араласпайтынын айтқан.
66 жастағы Меркель 2005 жылдан бастап Германияның Федералды канцлері болған.
Abai.kz