Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жер дауы 7110 18 пікір 28 Қаңтар, 2021 сағат 13:21

Жер кодексіне қатысты мораторий күшін жояды. Әрі қарай не болмақ?

2021 жылдың соңында Жер кодексіне қатысты мораторий күшін жояды. Мемлекет басшысы бірнеше мәрте жер сатылмайтынын айтқанымен, бұл мәселе әлі толық күн тәртібінен түскен жоқ. 

Осыдан тұп-тура екі күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жер кодексіне енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталатынын ескертті. 2021 жылдың қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізуді Үкіметке тапсырды.

Десе де, мораторий мерзімі аяқталғаннан кейін жер мәселесі қалай шешілетіні әлі белгісіз. «Жер сатылмасын, шетелдіктерге жалға берілмесін» деген халық талабы ешқашан өзгермек емес. Ендеше, мораторийдің күшін жоюы жер дауын қайта тұтандырмай ма? Әрі қарай не болмақ? Не істеу керек?

Сол үшін сайтымыз тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбын да осы жер мәселесіне арнадық. Конференция қонағы – 2016 жылғы Жер комиссиясының мүшесі болған саясаткер, қоғам қайраткері Мұхтар Болатханұлы Тайжан.

Спикер Мұхтар Болатханұлының ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Ескерту! Құрметті оқырман, спикердің жеке басына немесе отбасына соқтығысатын, ар-ұжданына тиетін, боқауыз, бейәдеп сөздер мен сұрақтарға жол берілмейді! 

Қонаққа қояр сауалдарыңыз бен айтар ойларыңыз болса, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5957