Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2558 0 пікір 13 Наурыз, 2012 сағат 06:07

Нұр Мұстажапов. Отыр(ғыз)у

(саяси сатира)

Бәрінің біздің үстімізге құлайтын әдеті емес пе, Құдайдың бір құтты күні  жатпланеталық төбемізден топ ете қалды. Алғашында жүйелі түрде жауып тұратын ресейлік бір аппараттың сынығы шығар деп  сынықшылардан (металлоломщиктер ) өзгеміз көңіл бөле қоймадық. Бірақ  сынықшылар біраздан соң көңілсіз, салысымен қоса сиықсыз бірдеңені сүйретіп келгеннен соң, сол бірдеңенің жатпланеталық екені белгілі болды, біз оны Жат деп атайық... Сонымен,  «тас түскен жеріне ауыр» (Жат та солай), елімізге жердің түпкір-түпкірінен журналисттердің жеті атасы қаптап кетті, шындығында, жеті емес жетпіс атасы кіретін еді, 63 ата келешекте үлкен майлау болғанда шебер сылаушы не жуас бақылаушы жіберем деген уәдесін бере алмады.

- Қазақтардың ауызының салымының қарашы, басқаға емес тап

осыларға түсіп, - деді өзбек ағам.

- Ғарыштан көрініп тұрған жалғыз ел осы, - деді Жат жалт-жұлт

етіп.

- Қой-ей?! - деді бәрі, жаңағы өзбек ағамның қызғанышы далада

қалды. Бәрінің ішін қызғаныш деген қызыл ит тырнап жатты.

-  Шын айтамын, бұл сірә, осы ел арқылы зымырандар көп ұшып

озон қабаты жұқарғаннан болса керек...

-  Е, бірден сөйдеп айтпайсың ба, - деп көпшілігі жаңағы қызыл иттің

басынан теуіп қуып жіберді. (Тек жаңағы ағамның ішіне ол ит кіріп өліп қалды)

-  Жә, озон-мозонды қоя тұрыңдар, мынаны не істейміз?

- Не істейміз дейтіні жоқ, біздің елдің заңы бойынша, ең әуелі,

әрине, пропискаға отырғызамыз деді, - Толерант Антұрғанов.

- Мүмкін, әуелі сүндетке отырғызарсыздар?- деді байғұс Жат араб

пен еврейге жалтақ-жалтақ қарап. Араб құдайға, еврей мұнайға қараған болып Жатты байқамағанси қалды.

- Ең болмаса эпидемияға тексеріңдер, - деді Жәкең, неге екені

белгісіз, бірден пропискадан бастағанды онша қаламай.

- Сен неге пропискадан қашып тұрсың, бізде жақында пропискаға

қатысты жаңа талаптар шықты, - деді Саммитгүл Халықтардостығы қызы

- Сізге қалай айтсам екен, пропискаға ішім онша жылымай тұр...

- Ішің жылымай тұрса сені эпидемияға несіне тексереміз, ішің

қызып тұрса бір жөн. Мүмкін шекең қызып тұрған шығар?...

- Олай болса пропискадан бұрын еркек пе ұрғашы ма соны

анықтайық та, - деді швед.

-  Басқасын басқа, тап осы сіздерге сол бәрібір емес пе?! - деп Жат

жалын күжірейте бастады.

-  Оу, мынауың шведті шағып алды ғой, мүмкін әуелі бұл адам ба

насеком ба соны анықтайық, - деді үнділік. Егер насеком болса онда «жануарларды қорғау ұйымының» өкілі ретінде мен оған көмектесуге әзірмін

- Жалпы, өзіңнің ұлтың қандай? - деді ассамблея өкілі, мүмкін жаңа

бір ұлтқа баю бақыты бұйырып тұрған шығар, - деген есекдәмеден көзінде үміт оты ұялап.

- Мен мұнда түскенде ең алғаш естіген сөзім - орысша сөз, орыс

болып санала қоялын

-  Әй, «орыс болам десең, әуелі қазақ бол!»  деді Көп Векторұлы.

- Тақырыптан ауытқымайық, жалпы, пропискаға отырғызу мәселесін мен өзім қолдаймын, - деді  бір грузин авторитет.

- Тап осы ерегіскенде, мен пропискаға отырмаймын,- деді Жат қырсығып

- Пропискаға отырмасаң басқа жерге отырасың, - деді Депу Татов.

- Неге осы отыруға, отырғызуға әуессіңдер. Для разнообразия «Жату», «тұру-жүру» деген сөздерді қолданып қойсаңдаршы анда-санда болса да! деп Жат жанынан түңілген күй танытты.

- «Жатқан» деген сөз, енді негатив қой, «жүрген» де сол, артық қимыл сезік тудырады дегендей...

- Осы үш қалыптың ішінде «отырғаннан» артығы жоқ, өзің де осы үшеудің біреуін таңда, мен өзім бір орында 5 жылдан артық отырмын, -деді Мәңгі Мәсінов

- Жоқ мен бұлардың біреуін де емес «ұшқан» деген қалыпты таңдаймын деп Жат жоқ болып кетті

-  ... Біз отырып қалдық, жалпы отырғанымызға көп болды, тұрсақ жүрсек отырғызып тастамай ма? Қалай ойлайсыз, сана-сезімі отырмаған ағайын?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371