Бақтықожаның қиял әлеміне саяхат
Суретте - 2009 жылы Батыс Қазақстанда сол кездегі облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамедовтің тұсында бюджеттен 400 миллион теңге бөлініп, қолға алынған ешкі сүтін өндіретін ферма - инновациялық жоба бойынша салынған қора. Айдала қаңырап бос тұр. Сурет 2011-нші жылдың қараша айында түсірілген.
Мемлекеттік БАҚ-тың күнделікті жаңалықтарынан көріп-біліп жүргеніміздей елімізде үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қарқын алып, қарыштап дамып жатыр.
Аты айтып тұрғандай үдеп, екіленіп, бас бермей дамитын инновациялық бағдарламаның бірін 2009 жылы сол кездегі Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамедов іске асырмаққа бел байлайды. Бақтықожа мырзаның инновациялық жобасына бюджеттен 400 миллион теңге бөлінеді. Бұл жоба бойынша, ешкі сүтін өндіретін ферма салынып, іске қосылып, бүтін Батыс Қазақстан облысы ешкі сүтіне - біздің қайқы мүйіз қара ешкінің емес, швейцариялық евроешкінің сүтіне қарқ болуы керек еді. Бірақ, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының сорына қарай 400 миллион теңге бөлінген жобаның бар нәтижесі айдалада қараусыз, қаңырап қалған қора ғана. Ешкі де, сүт те, Бақтықожа мырза да жоқ. Осылайша, бұл инновациялық ертегінің ақыры - мемлекетті шығынға батырып, Ізмұхамедовті вице-спикер етіп, мұратына жеткізді.

Қазынаның қаржысын я болмаса пайдалануға берілуге тиісті ешкі сүтін өндіретін ферманы іздеген жан баласы жоқ. Ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды. Бұқараның салығынан құралған 400 миллион теңгенің кімнің қоржынында кеткені бір Құдайға ғана аян. Сөйтіп, іс бітті - Ізмұхамедов вице-спикер болып кетті.
«Абай-ақпарат»