Гитлер неліктен еврейлерді жек көрді?
Гитлер билігі кезінде барлығы 6 миллионға жуық еврей өлтірілді. Бұл Еуропадағы барлық еврейлердің 88%-ын құрайды. Оларды тұтқындады, азаптады және өлтірді.
Яһудилер деген кім? Гитлер еврейлерді неге қырғынға ұшыратты деген сұрақ туындайды. Яһудилерді орыстар «еврей» деп атайды, ал қазақтар да еврей деп атап дағдыланған. Олар ағылшын тілінде «еврей», неміс тілінде «Juden», ал қытай тілінде «犹太人» деп аталады.
Біздің жыл санауымыздың 1-ғасырында қазіргі Израильдің Иерусалим қаласы маңында олар өздерінің діндерін, яғни Иудаизмнің негізін қалады. Иудей дінінің кітабы Тора (Таурат) деп аталады.
Біздің эрамыздың 1-ғасырының аяғында Рим империясы Израильді жаулап алды. Осы соғыста көптеген еврейлер қаза тапты, және өз Отанынан босып кетті.
Римдіктер жаулап алғаннан кейін еврейлер Еуропа мен Батыс Азияны кезіп жүретін болды, өйткені олар өздеріне тиесілі жерлерінен айырылып қалған еді. Олардың өз діндері, өз тілдері болғандықтан, еврейлерді кез-келген жерде тану қиын емес болатын.
Тарихта 962-1806 ж.ж. аралығында еврей ұлтының тағдыры оңай болмағаны айтылады. Олар Еуропа елдерінде әртүрлі қара жұмыстар атқарды, кейінірек сауда, өнер және білім салаларымен айналысты. 13-15 ғасырларда еврейлер де діни қуғын-сүргінге ұшырады.
Еврейлер үшін Шығыс Еуропа территориясы өмір сүруге салыстырмалы түрде оңай болған секілді. Есесіне Батыс және Орталық Еуропадағы еврейлер орта ғасырларда және діни қақтығыстар кезінде қуғын-сүргінге көп ұшыраған болатын.
Кейін Американың ашылуымен діни бостандық іздеп, Еуропаның озбырлығынан құтылу үшін АҚШ-қа көптеген еврейлер келді.
19-ғасырдың аяғында еврейлер Германияда да орасан зор күшке ие болды. Еврейлер Германияда өнер, ғылым, әдебиет және саясат саласында жоғары көтерілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде еуропалық еврейлер өте бай болды.
Олар соғысты пайдаланып, Лондон және Нью-Йорк биржаларынан орасан зор ақша жинады. Еврейлер соғыс кезінде Германия, Франция, АҚШ және Ұлыбританиядағы қару-жарақ шығаратын фабрикалар мен тігін фабрикаларынан орасан мол пайда тапты. Көптеген еуропалық және американдық банктер еврейлерге тиесілі болды және ақшаны заңдастыру фактілері ашық жүргізілді.
Сонымен соғыс аяқталған кезде ең бақытты адамдар еврейлер болды, керісінше Германия, Франция, Ұлыбритания, Австрия және АҚШ-тың күші әлсіресе, еврейлердің жағдайы олардан мүлдем бөлек болған еді.
Еврейлер тұрған елінің үкіметін ақша беру және экономиканы қалпына келтірудің орнына, тек өздері ғана байып жатыр деп халық наразы бола бастады. Бұл жағдайлар еврейлерді жаппай жек көруге ұласты.
Жалпы еврейлерді жалғыз Гитлер ғана жек көрді десек қате болады. Еуропа елдерінде еврейлерге деген қызғаныштың, реніштің және жеккөрушіліктің үлкен оты болды, Гитлер оны күшейтіп үрлей түсті.
Тағы бір себеп, сол кездегі адамдар өз балаларына еврейлер туралы ұрылар, алаяқтар, өсімқорлар т.б тек ғана жаман сөздер айтатын.
13-ғасырда Шыңғыс хан Еуропаға басып кіргенде, олар туралы көп қауесет болғаны сияқты, еврейлер туралы да көптеген әңгіме-дақпырттар өрбіді. Бұл қауесетті Гитлер де бала кезінен көп естіді.
Сонымен қатар оның еврейлерді жек көруінің жеке себебі де бар болатын. Гитлер бала кезінен анасын бай еврейлер үйінде жалшылыққа ұстап, зорлық-зомбылық көрсеткенін көріп, еврейлере деген үлкен өшпенділік ортасында өсті. Гитлердің әжесі бай еврейдің отбасында жұмыс істеп жүрген кезде Гитердің әкесін туды. Осыған сүйеніп, кейбір тарихшылар Гитлерді еврейден шыққан деп те санайды.
Екіншіден, Гитлерді бала кезінде еврей адам соққыға жығып, жаралаған. Оның арқасында сол соққыдан тыртық қалған болатын. Бұл туралы өзінің «Менің күресім» (Майн камф) кітабында жазды.
Үшіншіден, Гитлердің анасы ауыр науқастан өлгелі жатқанда, еврей дәрігерлері оны ақшасы жоқ деп емдемей қойған, сол күннен бастап Гитлер анасының өліміне тек еврейлерді кінәлайды. Гитлер өзі Австрия, Вена университетінің мүсіндеуші мамандығына оқуға түсер кезде еврейдің бір бойжеткенмен ашына болып ақыры сифилиспен ауырған. Бұл оның психикасына әсер етіп, ол өте ашуланшақ адамға айналды. Ол бұл туралы өзінің «Менің күресім» кітабының 13-бетінде былай деп жазды: «Мерез - еврей халқының ауруы. Олар біздің халқымызды ұялмай осы аурумен ластап жатыр. Неміс халқының салауатты өмірінің кепілі - еврейлерді жою арқылы осы ауруды да қоса жою».
Гитлер билікке келген кезде Германияда шамамен 500 000-дай еврейлер болды. Олардың ішінде атақты ғалымдар, өнер адамдары, банк иелері де көп болды. Ол кезде яһудилер неміс өнеркәсібінде, теміржолда, банк саласында және бизнесте орасан зор күшке ие еді. Гитлер билікке келе салысымен оларға қарсы үлкен шара қолдана бастады. Гитлер тіптен күйеуі-әйелі, әке-шешесі, тіптен әжесі-атасы еврей болған немістерді еврей деп есептеді.
1938 жылы наурыз айында да Германия армиясы Австрияға басып кіргенде 450 000-ға жуық еврей тұтқынға алынды. 1943 жылға қарай Освенцимде шамамен 2 500 000 еврей өлтірді.
Аудардым:
Амантай Тойшыбайұлының жазбасы
Abai.kz