Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2334 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 09:49

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. Бiз емей, кiм?!

Үмбекең деген құрдасым бар, күн са­йын кездесiп, сағат сайын сөйлесiп жүремiз. Бүгiн таңертең кездесу алдындағы сөзiнде ол былай дедi:

- Мен, мiне, берi қара, балконыма шығып тұрмын. Жан-жағымдағы балкондарда көршiлер тұр. Менiң оларда, олардың менде шаруалары жоқ. Бәрiмiз - тәуелсiзбiз. Тәуелсiз­дiк деген бiр рахат нәрсе,ә?!

- О, рахат болғанда қандай!

- Кеңес Одағы келген iзiмен керi кетiрiлсiн делiнген қаулыға Мәскеуде жазушы ағамыз Әнуар Әлiмжанов қол қойысымен бiз: "Әне, қазақ қол қойды, сондықтан тәуелсiздiктi бiз бiрiншi кезекте алуға тиiспiз!" деп қиғылық салып, бiрiншi орын­ға шыққанымызда ғой, тiптi рахат болатын   едi, ә?!

- Сонда сен, қалай, жиырма жыл бойы өкiнiп жүрсiң бе?

- Жо-ға. Оның есесiне, айтпақшы, кеше бiр гәзеттен "Алматының метросы әлемдегi ең таңдаулы метролардың қатарына қосылды" деген хабар оқыдым.

- Тағы не жаңалық бар екен?

- 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың сексен жылдығына Астанада ескерткiш орнатылатын болыпты. Президентiмiз айтыпты. Е-е, содан кейiн Астанада сазгер атамыз Құрманғазыға ескерткiш қою ұйғарылыпты... қап, қарашы, қайынағам келе жатыр, әне, көрдiң бе, содан кейiн сөйлесермiз, - деп тәуелсiз Үмбекең телефонын тәуелдi еттi.

"Алматының метросы әлемдегi ең таңдаулы метролардың қатарына қосылды" деп пе?.. Қосылмағанда ше?! Әлемдегi мемлекеттер арасында метросын отыз жыл бойы салған, әлi де бiтiре алмай жатқан бiрiншi - бiз емей, кiм?!

"1932-33 жылдардағы ашаршылықтың сексен жылдығына Астанада ескерткiш орнатылатын болыпты" деп пе? Орнатылмағанда ше?! Алматыда орнатылар орыны белгiленiп, тасбелгi қойылғалы қырық жыл болған ескерткiштi Астанада қоймақшы бiрiншi - бiз емей, кiм?!

"Астанада сазгер атамыз Құрманғазыға ескерткiш қою ұйғарылыпты" деп пе? Ұйғарылмағанда ше?! Хан бабамыз Абылайға ескерткiш орнатуға тәуелсiздiгiмiздiң жиырма жылы бойы Астанада орын таба алмай, сазгер атамыз Құрманғазы ескерт­кiшiне орын тапқан бiрiншi - бiз емей, кiм?!

"Бiр қайғы..." - тфу! - бiр ой жүз ойды қозғады.

60-70 жыл бойында қалыптасқан халық шаруашылығы салаларын, ғылым-бiлiмдi, мәдениеттi 6-7 айдың айналасында ту талақай еткен бiрiншi - бiз емей, кiм?!

"Бұған дейiн шекарасы болмаған, мемлекетi, әскерi болмаған" қазақ жерiнiң шекарасын "белгiлеген", мемлекетiн "орнат­қан", әскерiн "жасақтаған" бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Кеңбайтақ жерiнiң 75 пайызын асты-үстiндегi байлығымен жателдiк пайдакүнемдерге толайым берген бiрiншi - бiз емей, кiм?!

"Бай - бай болады; кедей - кедей болады!" деген "теорияны" ойлап тапқан бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Он жыл iшiнде аты-жөнi мәлiм және беймәлiм жиырма шақты миллиардер "өсiрген" бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Мемлекетiнiң атымен аталған "Қазақгейт" дегендi шығарған бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Елде демократиялық таңдаудың болуын керек етпей, жас демократтар ұйымын тас-талқан еткен бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Оппозицияны атажауындай көрiп, басшыларының алдыңғыларын аттыртып тастаған, соңғыларын түрмеде шiрiткелi жүрген бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Халқының қол-аяғын буып, ереуiлге есiгiнiң алдына да шығартпай, шыға қалғанын ойсыз-түйсiксiз полициясына қуалап жүрiп сабатып, аутомәшiнге тиетiп ала жөнелдiрушi бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Тәуелсiз баспасөздi шiлше теуiп келе жатқан бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Сайлау атаулы шараны шатқаяқтатып, бюллетенiн билiктiң қолымен санап жүрген бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Парламенттi "қой аузынан шөп алмас" қауымға айналдырған бiрiншi - бiз емей, кiм?!

"Халықтар ассамблеясы" деп вице-парламент сияқтыны құрып алған бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Халқына жиырма жыл бойы "арзандады" деген сөздi естiртпей, жаппай қымбатшылықтың қыспағында ұстап отырған бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Халқын"байытқаны", адам құқығын аяқасты "етпегенi", демократия талаптарын "құрметтегенi" себептi әлемдегi озық он елдiң, елу елдiң қатарынан орын "алған" бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Нән шенеунiктерiнiң заңды талақ ете салдыртып алған сан қабатты әшекей сарайлы ауылдарындағы иттiң үйшiгене де тиiспей, қарапайым қазағының "заңсыз" салынған ауылдарын астаң-кестең ойрандаған бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Осындай "жетiстiктерiмiз" үшiн президентiмiз Н. Назарбаевты жердiң үстiне сиғыза алмай, ғарышқа көтере мақтап-мадақтап, Мұхаммед пайғамбарға ұқсатып, Нұх пайғамбарға теңеп, жәдiгөйлене жанталасып келе жатқан бiрiншi - бiз емей, кiм?!

Айтпақшы, Жаңаөзенде ереуiл жасаған қазағына анау басқа шетелдерше әуелi көзiн улар газ шашып, одан соң денесiн жа­рақаттар резеңке оқ атып шатылмай, бiрден қорғасын оқ жаудырған, сөйтiп 17 адамды өлтiрiп, жүз шақтысын жаралаған бiрiншi - бiз емей, кiм?!

...Осымен әлем шiркiн тырп етпей тоса тұрсын, тоқтай тұрсын, бiз әлi талайға талайды   көрсетiп, талай рет бiрiншi боламыз!

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394