Сенбі, 23 Қараша 2024
4588 5 пікір 8 Ақпан, 2021 сағат 11:49

Әйелдердің зейнет жасы 63-ке дейін артады

Жуырда қазнетте Қазақстандағы зейнетақы жасы төмендейді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Stopfake.kz мәлімдеді.

«Политические будни» YouTube-арнасындағы видеода Қазақстанда зейнетақы жасын төмендету туралы айтылады. Автордың мәлімдеуінше, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап ер адамдар 60 жаста, әйелдер 55 жаста, ал бес және одан көп баласы бар аналар 52 жаста зейнеткерлікке шығады.

ҚР Парламентінің ресми сайтында мұндай заң жобаларын бекіту туралы ақпарат жоқ. 

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде зейнеткерлік жастың төмендеуі туралы ақпаратты бірнеше рет теріске шығарды:

–Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас - 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 60 жас және одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады. 

Қазақстанда белгіленген зейнеткерлік жас халықаралық және отандық сарапшылар жүргізген зерттеулердің нәтижелері мен ұзақ мерзімді актуарлық болжамдарға негізделген. ҚР-дағы зейнеткерлік жас халықаралық тәжірибеге және әлемдегі қалыптасып отырған экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келеді.

Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жасын өзгерту туралы мәселе қаралмайды.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз,- деп хабарлады министрлік.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339