Сенбі, 23 Қараша 2024
2835 3 пікір 8 Ақпан, 2021 сағат 12:22

Иран АҚШ санкциясынан 100 млрд доллар жоғалтты

Иран АҚШ санкциясынан кейін мұнай экспортының табысы 100 млрд долларға кеміді. Осылай деп Иранның вице-президенті Исхак Джахангири Керманшах провинциясында мұнайхимия кәсіпорны құрылысының іргесін қалау шарасы кезінде айтты деп хабарлайды IRNA.

Оның сөзінше, АҚШ санкциясы еліне орасан экономикалық шығын әкелді. "Егер санкция болмағанда, иран халқы мұндай қиын жағдайда қалмаушы еді", - деді Джахангири.

Иран парламенті желтоқсан айында қабылдаған заңға сәйкес, егер АҚШ 21 ақпанға дейін санкцияларды жеңілдетпесе Иран үкіметі ядролық ұстанымын қатайтуы қажет.

АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамп 2018 жылы Иранның алпауыт елдермен жасасқан ядролық келісімінен шығып кетіп, Тегеранға қарсы санкцияларды қалпына келтіре бастаған.

Жауап ретінде Тегеран келісімнің кей шарттарын орындаудан бас тартатынын мәлімдеді. Өткен айда Иран уранды 20 пайызға дейін байытуға көшті.

Келісім аясында Иран уранды бар-жоғы 4 пайызға дейін байытуға міндеттенген, ал оның өтемі ретінде оған қарсы санкциялар жеңілдетілуі тиіс болған.

Байыту деңгейін 20 пайыздан асырса, оны ядролық қару жасауға пайдалануға болады.

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің әкімшілігі келісімге оралудың жолдарын қарастырып жатыр. Байден осы жөнінде мәлімдеме жасап, егер Тегеран келісім шарттарын орындауға көшсе, АҚШ-та өз міндеттерін қарастыра бастайтынын айтты. Бірақ Тегеран алдымен Вашингтон санкцияларды жеңілдетуі тиіс және Иранның зымыран бағдарламаларын шектейтін бастамаларын бас тартуы қажет деді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379