Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 20:48

Өзбекстанда сотталған ақтөбелік жүргізушілер тәркіленген техниканы қайтаруға тырысып, тапсырыс берушілермен соттаспақ

Ақтөбе. 1 шілде. ҚазТАГ – Өзбекстанда металл құбырларды ұрлағаны үшін сотталған 27 ақтөбелік жүргізуші үкіммен келіспей отыр. Сондай-ақ, олар заңсыз кәсіпті ұйымдастырған кәсіпкерлермен де соттаспақ. Бұл туралы жүргізушілер журналистерге елге оралған соң мәлім етті.

«Біз Өзбекстан сотының шешімімен келіспейміз. Өз техникамызды қайтару үшін тиісті инстанцияларға жүгінбекпіз. Сонымен қатар, біз әрқайсымыздан 10 мың доллар төлемақы алу туралы шешіммен де келіспейміз», - деп мәлім етті 60 жастағы жүргізуші Төленді Ғаббасов.

ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, 27 актөбелік және оларды алып келген сегіз адам сәрсенбі күні түстен кейін Маңғыстау-Ақтөбе поездымен Ақтөбе облысының Қандыағаш станциясына келген. Олар қалаға көлікпен жету туралы шешім қабылдаған.

Белгілі болғанындай, жүргізушілердің барлығы осы қылмысты тапсырғандардың ісі бойынша куәгер болады. Тапсырыс берушілер - Ақтөбе облысы Алға қаласының екі кәсіпкері, олар қазір Ақтөбенің уақытша  тергеу оқшаулағышында қамауда отыр.

Жүргізушілер тапсырыс берушілерге қарсы сотқа арыз бермек.

«ІІМ-нен бізді жалдаған екі кәсіпкердің қылмыстық ісін бақылауға алуды сұраймыз. Олар заң алдында жауап беруге тиіс. Біз сотқа жүгінбекпіз. Қалай болса да, адамдарға техниканы қайтару қажет. Біздің алған несиелеріміз бар, кепілге баспанамызды қойғанбыз», - дейді жүргізуші Батырбек Әбілев.

Олар бейсенбі күні Ақтөбеде баспасөз мәслихатын өткізбек.

Бұрын хабарланғандай, 24 маусымда Қарақалпақстанның (Өзбекстан) жоғарғы соты Өзбекстан аумағында ұсталған Қазақстан азаматтарына үкім шығарды.

Сот үкіміне сәйкес, Қазақстанның 27 азаматы өзбек жағына әр адамнан он мың доллар көлемінде айыппұл төлеу және мемлекеттік шекараны кесіп өткен барлық техниканы тәркілеу шартымен сот залынан босатылды.

Ақтөбе облысының ІІД осы әрекетті (құбырларды ұрлау мен шекараны заңсыз кесіп өтуді) ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғады. Істі тергеуді куәгерлердің осы уақытқа дейін Өзбекстанда болғаны тежеп отырған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565