Министр жемқорлықты бірдей киім мен шен беріп жеңбек
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін Үкімет отырысына қатысып, Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлеріне шен беріп, жалақысын өсіру туралы ұсыныс айтыпты. Дәлірек айтсақ, арнайы шен беріліп, базалық жалақыға үстеме қосылып, біріңғай форма (киім) берілетінін мәлімдеген.
«СЖҚІҚ агенттігі мен «Адалдық Алаңы» кеңсесі мәліметінде айтылғандай, мемкіріс органдары қызметкеткерлерінің жалақысының төмендігі мен әлеуметтік қорғалмағаны және қызметінің жауапкершілігі жоғары болуынан жемқорлық тәуекеліне тап болып отыр», - депті министр Жамаубаев.
Ал мұның шешімі ретінде жоғарыдағы біріңғай форма енгізу мен үстеме жалақы төлеуді айтыпты.
«Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстеме қосып, бірыңғай формал мен класстық шен енгізу ұсынылуда. Бұл өз кезегінде ілікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді», - депті Жамаубаев.
Осылайша, министр аталған саладағы жемқорлықты жоюдың жолы – біріңғай форма мен үстеме жалақы және класстық шен беру екенін айтыпты. Министрдің бұл айтқандарын елдегі ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.
Министр туралы ақпарат:
Ерұлан Жамаубаев - Қазақстанның Қаржы министрі. Бұрын Ұлттық банкте, Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2018-2019 жылдары Президенттің көмекшісі, 2019-2020 жылдары Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болған. 2020 жылдың мамырынан бері Қаржы министрі.
Жасы 46-да. Мамандығы – қаржыгер. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
«Құрмет» Ордені, «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл» медальдері секілді бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған. «ҚР Ұлттық банкінің Еңбек сіңірген қызметкері» деген атағы тағы бар екен.
Abai.kz