Сенбі, 23 Қараша 2024
4342 7 пікір 11 Ақпан, 2021 сағат 13:52

Сара Назарбаева қандай институт ашпақ?

Сара Назарбаева Адамның үйлесімді дамуы институтын ашады. Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлады. 

Назарбаеваның туған күні қарсаңында тұсауы кесілетін институтта еліміздегі бүкіл жастың тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Сара Алпысқызының қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференция да белгілі болды.

«Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдесіз қолдау болды. Жоба елімізде тастанды бала болмауын мақсат қылып қойды. Бұл үйлерде баланы уақытша қалдыруға болады. Әрі ана сәбиін қалаған кезде көре алады. Ал аяғынан тұрғанда оны алып кетеді. Елімізде осындай үйлер барын көпшілікке жеткізуіміз керек. Әрі бұл жоба тиісті бағасын алса екен»,- деді мемлекет және қоғам қайраткері Зағипа Балиева.

Айта кетейік, тұңғыш президенттің зайыбы «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445