Сенбі, 23 Қараша 2024
2239 2 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 11:03

Цойдың орынбасары екінші рет екпе салғызды

Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды.

Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпан күні алған болатын.  Арада үш апта өткенде жалпы нұсқаулыққа сай екінші рет екпе егілу тиіс еді.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдыру сәті 24 kz арнасының тікелей эфирінен көрсетілді. Бұл процес Нұр-Сұлтан қаласындағы №6 қалалық емханада жүзеге асырылған.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі жыл аяғына дейін 6 миллион адамға екпе салуды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте аурухана қызметкерлері, екінші кезекте жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары, медицина мекемелері қамтылады. Оларға екпе наурыз айынан салына бастайды. Сәуір айынан мектеп-интернат, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, созылмалы ауруы бар студенттердің кезегі басталады.

Өткен аптадағы ақпарат бойынша елімізге 22 мың вакцина жеткізіліп, 17 мың адамға екпе салынған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379