Сәрсенбі, 3 Наурыз 2021
677 0 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 11:49

Жаңатастағы өртке қатысты тергеу басталды

Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйде болған өрт оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев мәлімдеді.

- Өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған. Өрттің қорытынды себептері барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланатын болады, - деді Ратаев.

Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің айтуынша, отбасы толыққанды, отағасы медициналық  мекемеде жұмыс істейді, анасы декреттік демалыста (мектепте мұғалім).

Айта кетейік, 19 ақпан күні Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт шыққан. Салдарынан  2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бала қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір